gov.kz
Меню

Кондоминиум объектiсiн мемлекеттік тiркеу

Как получить услугу
Онлайн
Жеке тұлғалар

Cіз қызметті портал арқылы ала аласыз:

  1. Көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы ұсынған абоненттік нөмірін тіркеген және порталдың есептік жазбасына қосқан жағдайда, пәтерлердің, көп пәтерлі тұрғын үйдің тұрғын емес үй-жайларының, орынтұрақ орындарының, қоймаларының кемінде екі меншік иесінен немесе жергілікті атқарушы органнан немесе тапсырыс берушісінен (құрылыс салушысынан) ЭЦҚ-мен немесе бір реттік парольмен  куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш.

  2. Жер учаскесіне сәйкестендіру құжатының сканерленген көшірмесі бар жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттың (жергілікті атқарушы органдардың шешімі) электрондық көшірмесі.

  3. «Электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүргізілген төлемді қоспағанда, кондоминиум объектісін тіркеу үшін төлемді растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.

Онлайн
Заңды тұлғалар

Азаматтарға арналған үкімет
Жеке тұлғалар

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ-ға ұсыну үшін қажетті құжаттар:

  1. Пәтерлердің, көп пәтерлі тұрғын үйдің тұрғын емес үй-жайларының орынтұрақ орындарының, қоймаларының кемінде екі меншік иесінен немесе жергілікті атқарушы органнан немесе тапсырыс берушісінен (құрылыс салушысынан) жазбаша өтініш.

  2. Жеке куәлік не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін), сондай-ақ құжаттың түпнұсқасы не көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттігін растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі.

  3. Егер кондоминиум объектісі тіркелген сәтке дейін жер учаскесіне құқық белгілеу және сәйкестендіру құжаты тіркелмеген болса, жер учаскесіне құқық белгілеу және сәйкестендіру құжаты.

  4. Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркегені үшін төленгенін растайтын құжат.

Жер учаскесіне сәйкестендіру сипаттамалары туралы мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді құжаттарды қабылдау және беру қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Гидромелиоративтік кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу үшін көрсетілетін қызметті алушылар немесе олардың уәкілетті өкілдері көрсетілетін қызметті берушіге мынадай құжаттарды ұсынады:

  1. Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу туралы өтініш.

  2. Су шаруашылығы құрылысының гидромелиоративтік жүйесінің паспорты.

  3. Ортақ үлестік меншік құрамына кіретін гидромелиоративтік жүйе элементтерінің және басқа да мүліктің тізбесі бар гидромелиоративтік жүйенің сызбасы (арналар, су беруді реттеуге арналған құрылыстар, коллекторлық-дренаждық желілер, тік дренаж ұңғымалары, электр желілері, электр жабдығы, сорғылар, осы құрылыстардың бұру жолдарының астындағы жерлер).

  4. Гидромелиоративтік кондоминиумның құрамына кіретін және бөлек (жеке) меншіктегі (өзге құқықтағы) барлық жер учаскелеріне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттарының көшірмелерін қоса бере отырып, гидромелиоративтік кондоминиумға қатысушылардың тізімі).

  5. Көрсетілетін қызметті алушының (жеке тұлғаның) немесе оның уәкілетті өкілінің жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін талап етіледі), сондай-ақ құжаттың түпнұсқасы не көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттігін растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі.

Құжаттарды қабылдау кезінде жеке басын растайтын құжаттың түпнұсқасы тиісті тексеруден кейін өтініш берушіге қайтарылады.

     6. Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу үшін төлемді растайтын құжат.

Результат оказания услуги

Үлестерді есептеу туралы қосымшасы бар кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу немесе тіркеуді тоқтата тұру туралы хабарлама немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап.

Порталға - көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-мен қол қойылған қызмет көрсету нәтижесі туралы хабарлама жіберіледі. Оң нәтиже болған кезде хабарламаға сәйкес үлестердің есебі қоса беріледі.

Часто задаваемые вопросы
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) құқықтық қатынастардың субъектілері мен объектілері, жылжымайтын мүлікке құқық немесе құқық ауыртпалығының түрі және өзге де тіркеу объектілері не олардың туындау, өзгеру немесе тоқтатылу негіздері заңнама талаптарына сәйкес келмеген кезде;

2) егер өтініш беруші Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілсе;

3) егер қажетті құжаттар мемлекеттік тіркеуді тоқтата тұру кезінде ұсынылмаса, өтініш беруші Мемлекеттік қызмет тізбесінің 8-тармағына сәйкес мемлекеттік тіркеу үшін қажетті құжаттар пакетін толық ұсынбаған жағдайда;

4) нысаны мен мазмұны бойынша заңнама талаптарына сәйкес келмейтін құжаттарды тіркеуге ұсынған кезде;

5) «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңның 31-бабының 1-1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, құқықты немесе өзге де мемлекеттік тіркеу объектісін мемлекеттік тіркеуді болдырмайтын ауыртпалықтар болған кезде;

6) заңды күшіне енген сот актісі негізінде;

7) егер тіркеуді тоқтата тұру мерзімі ішінде тоқтата тұру үшін негіз болған мән-жайлар жойылмаса;

8) егер тіркеу объектісі мұндай құқыққа қатысты ауысу, өзгерту, тоқтату немесе ауыртпалықты белгілеу болып табылса, бұрын туындаған құқық ол туындаған сәтте қолданыста болған заңнамаға сәйкес келмеген кезде;

9) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның меншік құқығын және тиісті саланың уәкілетті органының жалдау құқығын тіркеуді қоспағанда, мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясына тиесілі жылжымайтын мүлікке құқықтар мен ауыртпалықтарды тіркеу үшін өтініш жасаған кезде;

10) «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңның 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын келісімінің болмауы.

Әкімшілік рәсімді қозғау үшін негіздер
  • өтініш;
  • әкімшілік органның, лауазымды адамның бастамасы.

Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады

Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:

  • жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде), пошталық мекенжайы не заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде);
  • өтініш берілетін әкімшілік органның, лауазымды адамның атауы;
  • өтініштің мәні;
  • өтініштің берілген күні;
  • өтініш иесінің немесе оның өкілінің қолы;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәліметтер көрсетіледі.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.

! Өтінішті қабылдаудан бас тартуға тыйым салынады.

  1. Өтініш кодекстің 63-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, әкімшілік орган, лауазымды адам өтініш берушіге өтініштің қандай талаптарға сәйкес келмейтінін көрсетеді, оны талаптарға сәйкес келтіру үшін орынды мерзім белгілейді.
  2. Өтініш беруші әкімшілік іс бойынша шешім қабылданғанға дейін өзінің жазбаша өтініші негізінде өтінішті кері қайтарып ала алады.

Өтінішті уәкілетті әкімшілік органға, лауазымды адамға қайта жіберу

Осы өтінішті қарау өкілеттігіне кірмейтін әкімшілік органға, лауазымды адамға келіп түскен өтініш келіп түскен күннен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде әкімшілік рәсімге қатысушыны бір мезгілде хабардар ете отырып, уәкілетті әкімшілік органға, лауазымды адамға қайта жіберіледі.

  1. Әкімшілік рәсімнің мерзімі өтініш келіп түскен күннен бастап 15 жұмыс күнін құрайды.

! Заңдарда өтініштерді қараудың өзге мерзімдері белгіленуі мүмкін (Мысалы, "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Заңға сәйкес жазбаша сұрау салуға жауап ақпарат иесіне келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде беріледі).

  1. Әкімшілік рәсімнің мерзімі әкімшілік орган басшысының дәлелді шешімімен 2 айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін, бұл туралы Әкімшілік рәсімге қатысушыға мерзім ұзартылған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде хабарланады.

Әкімшілік рәсімге қатысушы әкімшілік актіні қабылдауға байланысты әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) шағымдануға құқылы.

Егер әкімшілік орган, лауазымды адам мерзімінде әкімшілік актіні қабылдамаса, әкімшілік әрекетті жасамаса, онда мерзімдер өткен күннен бастап әкімшілік орган, лауазымды адам әкімшілік актіні қабылдаудан, әкімшілік әрекетті жасаудан бас тартты деп есептеледі.

Шағым әкімшілік органға, әкімшілік актісі, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адамға беріледі.

Сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін жол беріледі. Егер заңда жоғары тұрған органға шағымдану қажеттілігінсіз сотқа жүгіну мүмкіндігі көзделген жағдайда, әкімшілік орган, әкімшілік әрекеті (әрекетсіздігі) дауланатын лауазымды адам, әкімшілік акті сотқа кері қайтарып алумен қатар жоғары тұрған әкімшілік орган басшысының, лауазымды адамның уәжді ұстанымын ұсынады.

! ӘРПК шағымдану тәртібін әрдайым реттей бермейді, салалық заңдарда шешімге сотқа дейінгі шағымсыз дереу сот тәртібімен шағымдануды көрсететін нормалар болуы мүмкін.

  1. Әкімшілік актіге, әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) шағым әкімшілік органға, лауазымды адамға әкімшілік рәсімге қатысушыға әкімшілік актінің қабылданғаны немесе әкімшілік әрекеттің (әрекетсіздіктің) жасалғаны туралы белгілі болған күннен бастап 3 айдан кешіктірілмей беріледі.
  2. Дәлелді себеппен өткізіп алған жағдайда, әкімшілік рәсімге қатысушының өтінішхаты бойынша мерзімді шағымды қарайтын орган қалпына келтіре алады.
  3. Шағымдану үшін өткізіп алған мерзім шағымды қарайтын органның шағымды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылмайды.

! Өзге заңдарда шешімдерге шағымданудың ерекше тәртібі мен мерзімдері белгіленуі мүмкін.

Шағымды қарау мерзімі шағым түскен күннен бастап 5 жұмыс күнін құрайды.

! Өзге заңдарда шешімдерге шағымданудың өзге мерзімі белгіленуі мүмкін.

Дереккөз: ҚР ӘРПК,
ҚР "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңы

Заказать онлайн
Полное название
Кондоминиум объектiсiн мемлекеттік тiркеу
Получатели услуги
Жеке тұлғалар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Заңды тұлғалар
Стоимость услуги

Мемлекеттік тіркеу үшін - 2 147,3 теңгені құрайды (қосылған құн салығын есепке алмағандағы баға, теңге)

Срок оказания услуги

3 жұмыс күні ішінде (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді).

Порталда - алымның төленгені туралы растау келіп түскен сәттен бастап 1 жұмыс күні ішінде

Услугу оказывает
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Место предоставления услуги
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ
«Цифрлық үкімет» порталы

Мемлекеттік қызмет көрсету ережесі

Социальные медиа
Telegram
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы