
Көрсетілетін қызметті берушіге ұсыну үшін қажетті құжаттар:
1. Еркін нысандағы өтініш немесе шет мемлекеттің құзыретті органының қолдаухаты (Қазақстан Республикасының азаматы, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адам Қазақстан Республикасына шығарып жіберілген немесе Қазақстан Республикасына берілген жағдайда).
2. Жеке басын куәландыратын құжатты жоғалтқаны туралы өтініш беру фактісін растайтын шет мемлекеттің құзыретті органы берген құжат.
3. Өлшемі 3х4 сантиметр түрлі-түсті екі фотосурет.
4. Консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы.
5. Жеке басын куәландыратын құжаттардың (бар болса) бірінің түпнұсқасы, ал ол болмаған жағдайда "Қайтып оралуға арналған куәлікті ресімдеу" мемлекеттік қызмет көрсету Қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес толтырылған сауалнама-өтініш.
6. Жынысының өзгеру фактісін растайтын шет мемлекеттің медициналық мекемесі берген тиісті құжат.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде қағаз жеткізгіштегі өтініштің көшірмесіндегі қабылдау күні, қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және құжаттар топтамасын қабылдаған уақыты көрсетілген белгі оның қабылданғанын растау болып табылады.
Қайтып оралуға арналған куәлік немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
1) Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау.
2) Көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
3) Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімнің болмауы.
Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады
Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:
Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.
Дереккөз: ҚР ӘРПК,
ҚР "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңы
Жеке тұлғаларға мемлекеттiк Қазақстан Республикасының Кодексіне, Салық кодексінің 628-бабында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, консулдық алым ставка мөлшері бойынша ақылы негізде көрсетіледі.
2 жұмыс күні - егер жеке басты куәландыратын құжаттардың бірінің түпнұсқасы болған жағдайда.
10 жұмыс күні - егер жеке басты куәландыратын құжаттардың бірінің түпнұсқасы болмаған жағдайда.