
Cіз қызметті портал арқылы ала аласыз:
1. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, содан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
2. "Электрондық лицензиялау" порталында авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз.
3. "Онлайн сұратым" батырмасын басқаннан кейін ашылған "электрондық лицензиялау" порталының бетінде Өтініш беру" сілтемесін басып өтіңіз.
4. Өтінішті толтырып ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
5. Берілген өтініштің мәртебесін "Менің өтініштерім" бөлімінде қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат беру құжаттарым" бөлімінен, хабарламаны алу туралы "Менің хабарламаларым" бөлімінен біле аласыз.
Ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлік не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту .
Ядролық қауіпсіздікті және (немесе) радиациялық қауіпсіздікті сараптауды және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздікті жүзеге асыратын ұйымды аккредиттеу туралы куәліктің қолданылу мерзімі үш жылды құрайды.
1). Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау.
2. Көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған құжаттардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 9 ақпандағы № 45 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13538 болып тіркелген) Ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік, және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамаcын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
3. "Атом энергиясын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы 5-тармағының 3) тармақшасының талабына сәйкес Көрсетілетін қызметті алушы персоналы біліктілігінің мәлімделген аккредиттеу көлеміне сәйкес келмеуі.
4. "Атом энергиясын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы 5-тармағының 4) тармақшасының талабына сәйкес мәлімделген аккредиттеу саласының есептеу әдістері мен бағдарламалық құралдары арасындағы сәйкессіздік.
5. Көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы.
6. Көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімі бар, оның негізінде Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылған.
7. Көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.
Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады
Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:
Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.
Дереккөз: ҚР ӘРПК,
ҚР "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңы
Тегін
20 жұмыс күні