
Cіз қызметті портал арқылы ала аласыз:
Cіз қызметті портал арқылы ала аласыз:
Электрондық хат - эскизді (эскиздік жобаны) келісу немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
1) 2-мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;
2) өтініш берушінің және (немесе) 2-мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге қажет ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
3) эскиздің (эскиздік жобаның) осы Қағидаларға 3-қосымшада жазылған құрамы мен мазмұнына сәйкес келмеуі;
4) эскиздің (эскиздік жобаның) мақсатқа қойылатын талаптар кешеніне сәйкес келмеуі;
5) эскиздің (эскиздік жобаның) негізгі параметрлерге сәйкес келмеуі;
6) эскиздің (эскиздік жобаның) объектіні нақты жер учаскесінде орналастыруға сәйкес келмеуі;
7) эскиздің (эскиздік жобаның) көшелерді, орамдарды және тұрғын алаптарды салудың сәулет-көркемдік колористикасына сәйкес түс шешіміне сәйкес келмеуі;
8) эскиздің (эскиздік жобаның) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес келмеуі.
9) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
10) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылған, заңды күшіне енген сот шешімінің болуы.
11) «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын келісімінің болмауы.
Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады
Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:
Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.
Дереккөз: ҚР ӘРПК,
ҚР "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңы
Тегін
10 жұмыс күні