
Салық органдары және басқа да уәкілетті мемлекеттік органдар:
1) тіркеу әрекеттері;
2) рұқсат құжаттарын немесе олардың телнұсқаларын беру бойынша әрекеттер жасалған кезде алатын, бюджетке төленетін бір реттік төлемдер алымдар болып табылады.
Онлайн төлеу
Онлайн төлем тәсілдері
Сізге қолайлылығына қарай төлемді ұсынылған нұсқалардың бірімен жүзеге асыра аласыз.
Ескерту: Интернет-транзакцияларын жүргізу қауіпсіздігі мақсатында кейбір банктер төлем карталарына лимиттер немесе қосымша кодтар белгілейді. Егер онлайн төлемді жүзеге асыруда қиындықтар туындаса Банктегі менеджеріңізге жүгіне аласыз. 1 күн ішінде 3 транзакциядан артық жасауға болмайды.
*Қазақстан Республикасының Кодексі 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» кодексінің 36-б. 1-т. сәйкес салық міндеттемелерін орындауды салық төлеуші дербес орындайды, сол себепті салық және өзге де төлемдерді бюджетке төлеуде аталмыш картаның салық төлеушінің атына ресімделгеніне көз жеткізу қажет.
Құқықтың (ауыртпалық құқығы) немесе өзге заңды деректердің пайда болуына негіз болып табылатын шарт талаптарының өзгеруі нәтижесінде құқықтардың өзгеруін немесе құқықтар ауыртпалығын тіркеу үшін мемлекеттік баж салығын төлеу туралы электрондық чек.
601,22 теңге
Төлем үшін комиссия – 100 теңге
Қаржыны есептеу
Қазына есебінен ақша аудару банкте 2 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Қате есептелген қаржыны қайтару тәртібі ҚР Салық кодексінің 102-108-бабына сәйкес анықталады.