
Қызметті онлайн алу
Credit Control несие тарихын бақылау (мониторинг) жеке тұлғаның несиелік тарихындағы нақты бір өзгерістерді, сондай-ақ жеке тұлғаның несиелік тарихын қандай банкілердің сұрау салуларын қадағалауға мүмкіндік беретін қызмет болып табылады.
Жазылу мерзімі кезінде жеке тұлға несиелік тарихында өзгеріс болған жағдайда, арызданушыға оның несиелік тарихында ақпараттың өзгеруі туралы SMS-ескертпе келеді.
Қызмет каржылық сауаттылықты көтеруге және қарызгердің дұрыс әдеттерін қалыптастыруға мүмкіндік береды. Оның көмегімен қарыздарыңыздың сомалары, төлемдердің мерзімін бұзып төлеу, «несиелік денсаулық» сияқты факторларды қадағалауға болады.
Сонымен қатар, қызмет айлакерлерден сақтанғысы келетін қазақстандықтарға да пайдалы болады. Себебі пайдаланушы өзі жасамаған іс-әрекеттер туралы хабарлама алса, тез арада керек щараларды қолдану мүмкіндігіне ие болады.
Несиелік тарих мониторингі қызметінен бас тарту кезінде төленген сома қайтарылмайды.
Назар аударыңыз, қызметке жазылу шеңберінде ұсынылатын ДНЕ-тер Бірінші кредиттік бюроның www.1cb.kz порталында алуға қолжетімді.
«Несиелік тарихты бақылау» қызметіне қосылуда есептік кезең ретінде күнтізбелік ай саналатынын назарыңызға аударамыз, яғни жазылу ресімделген ай. Мысалы, егер сіз қызметке 20 қыркүйекке дейін 3 ай мерзімге қосылсаңыз, онда жазылудың бірінші айының мерзімі Астана уақыты бойынша 30 қыркүйекте сағат 24.00-де аяқталады. Барлық жазылу мерзімінің аяқталу мерзімі Астана уақыты бойынша сағат 24.00-де аяқталады.
Несиелік тарихты бақылау қызметіне сәтті жазылу.
3 айдан бастап қызметке жазылу шеңберінде қосымша ақысыз Толық дербес несиелік есеп ұсынылады
1 ай 500 теңге
3 ай - 1200 теңге (+ 1 есеп)
6 ай - 2100 теңге (+ 2 есеп)
9 ай - 2250 теңге (+ 3 есеп)
12 ай - 2400 теңге (+ 5 есеп)
Жазылу мерзіміне байланысты (1, 3, 6, 9, 12 ай)