gov.kz
Меню

Экологиялық ақпарат беру

Как получить услугу
Онлайн
Жеке тұлғалар

Портал арқылы сіз қызметті ала аласыз:

  1. Қызметтерді алу үшін сіз oos.ecogeo.gov.kz сайтында тіркелуіңіз керек.
  2. oos.ecogeo.gov.kz сайтында қажетті жолдарды толтырыңыз және өтінішті жіберіңіз.
Онлайн
Заңды тұлғалар

Портал арқылы сіз қызметті ала аласыз:

  1. Қызметтерді алу үшін сіз oos.ecogeo.gov.kz сайтында тіркелуіңіз керек.
  2. oos.ecogeo.gov.kz сайтында қажетті жолдарды толтырыңыз және өтінішті жіберіңіз.
Результат оказания услуги

Мемлекеттік көрсетілетінқызмет нәтижесі экологиялық ақпарат немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы дәделді жауап.

Часто задаваемые вопросы
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуге бас тарту негіздері

"Ақпаратқа кіру, шешімдер қабылдау процесіне жұртшылықтың қатысуы және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әділдігіне қол жеткізу туралы конвенцияны бекіту туралы" 2000 жылғы 23 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 3 және 4-тармақтарына сәйкес:

1) өтiнiш жiберiлген көрсетілген қызметті берушіге сұрау салынған экологиялық ақпараттың болмаса;

2) көрсетілетін қызметті берушіде сұратылатын экологиялық ақпарат жоқ болса, сұрау салу жіберілген мемлекеттік органда сұратылатын экологиялық ақпарат болмаса;

3) өтініш айқын негізсіз болуы немесе тым жалпылама түрде тұжырымдалуы;

4) өтініш әзірлеудің ақырғы кезеңінде немесе мемлекеттік органдардың ішкі хат алмасуларында және олардың арасында тұрған, ұлттық заңнамада немесе қалыптасқан практикада мұндай жағдай көзделген материалдарға қатысты болса, экологиялық ақпарат беру туралы өтініштен бас тартылуы мүмкін, бұл орайда жұртшылықтың мұндай ақпарат алуға мүдделілігі ескеріледі;

5) мұндай ақпаратты жария ету теріс әсерін тигізуі мүмкін:

  • ұлттық заңнамамен қарастырылған кездегі, мемлекеттік органдардың жұмысының құпиялылығына;
  • халықаралық қатынастарға, ұлттық қорғанысқа немесе мемлекеттік қауіпсіздікке;
  • сот әділдігін жасауға, адамдарға әділетті сот тергеуін жүргізу мүмкіндігіне немесе органдардың қылмыстық немесе тәртіптік сипаттағы тергеу жүргізу қабілетіне;
  • заңды экономикалық мүдделерді қорғау мақсатында коммерциялық және өнеркәсіптік ақпараттың жасырылуына. Бұл шеңберде қоршаған ортаны қорғауға қатысты шығарындылар туралы ақпарат ашып көрсетілуі тиіс;
  • зияткерлік меншік құқықтарына;
  • ұлттық заңнама ережелеріне сәйкес жұртшылыққа мұндай ақпарат беруге өкілетті тұлға келісім бермеген кезде жеке тұлғаға қатысты жеке деректердің және/немесе мұрағаттардың құпиялылығына;
  • егер бұл тарап бұлайша әрекет жасауға құқықтық міндеттемемен байланысты болмаса немесе егер бұл тарапқа мұндай міндеттеме жүктелуі мүмкін болмаса және бұл тарап материалды жария етуге келісім бермесе, сұрау салынған ақпаратты берген үшінші тараптың мүдделеріне;
  • осы ақпарат қоршаған ортаға, мысалы, сирек кездесетін түрлердің өсіп-өнетін орындарына теріс әсер етеді.
Әкімшілік рәсімді қозғау үшін негіздер
  • өтініш;
  • әкімшілік органның, лауазымды адамның бастамасы.

Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады

Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:

  • жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде), пошталық мекенжайы не заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде);
  • өтініш берілетін әкімшілік органның, лауазымды адамның атауы;
  • өтініштің мәні;
  • өтініштің берілген күні;
  • өтініш иесінің немесе оның өкілінің қолы;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәліметтер көрсетіледі.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.

! Өтінішті қабылдаудан бас тартуға тыйым салынады.

  1. Өтініш кодекстің 63-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, әкімшілік орган, лауазымды адам өтініш берушіге өтініштің қандай талаптарға сәйкес келмейтінін көрсетеді, оны талаптарға сәйкес келтіру үшін орынды мерзім белгілейді.
  2. Өтініш беруші әкімшілік іс бойынша шешім қабылданғанға дейін өзінің жазбаша өтініші негізінде өтінішті кері қайтарып ала алады.

Өтінішті уәкілетті әкімшілік органға, лауазымды адамға қайта жіберу

Осы өтінішті қарау өкілеттігіне кірмейтін әкімшілік органға, лауазымды адамға келіп түскен өтініш келіп түскен күннен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде әкімшілік рәсімге қатысушыны бір мезгілде хабардар ете отырып, уәкілетті әкімшілік органға, лауазымды адамға қайта жіберіледі.

  1. Әкімшілік рәсімнің мерзімі өтініш келіп түскен күннен бастап 15 жұмыс күнін құрайды.

! Заңдарда өтініштерді қараудың өзге мерзімдері белгіленуі мүмкін (Мысалы, "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Заңға сәйкес жазбаша сұрау салуға жауап ақпарат иесіне келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде беріледі).

  1. Әкімшілік рәсімнің мерзімі әкімшілік орган басшысының дәлелді шешімімен 2 айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін, бұл туралы Әкімшілік рәсімге қатысушыға мерзім ұзартылған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде хабарланады.

Әкімшілік рәсімге қатысушы әкімшілік актіні қабылдауға байланысты әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) шағымдануға құқылы.

Егер әкімшілік орган, лауазымды адам мерзімінде әкімшілік актіні қабылдамаса, әкімшілік әрекетті жасамаса, онда мерзімдер өткен күннен бастап әкімшілік орган, лауазымды адам әкімшілік актіні қабылдаудан, әкімшілік әрекетті жасаудан бас тартты деп есептеледі.

Шағым әкімшілік органға, әкімшілік актісі, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адамға беріледі.

Сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін жол беріледі. Егер заңда жоғары тұрған органға шағымдану қажеттілігінсіз сотқа жүгіну мүмкіндігі көзделген жағдайда, әкімшілік орган, әкімшілік әрекеті (әрекетсіздігі) дауланатын лауазымды адам, әкімшілік акті сотқа кері қайтарып алумен қатар жоғары тұрған әкімшілік орган басшысының, лауазымды адамның уәжді ұстанымын ұсынады.

! ӘРПК шағымдану тәртібін әрдайым реттей бермейді, салалық заңдарда шешімге сотқа дейінгі шағымсыз дереу сот тәртібімен шағымдануды көрсететін нормалар болуы мүмкін.

  1. Әкімшілік актіге, әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) шағым әкімшілік органға, лауазымды адамға әкімшілік рәсімге қатысушыға әкімшілік актінің қабылданғаны немесе әкімшілік әрекеттің (әрекетсіздіктің) жасалғаны туралы белгілі болған күннен бастап 3 айдан кешіктірілмей беріледі.
  2. Дәлелді себеппен өткізіп алған жағдайда, әкімшілік рәсімге қатысушының өтінішхаты бойынша мерзімді шағымды қарайтын орган қалпына келтіре алады.
  3. Шағымдану үшін өткізіп алған мерзім шағымды қарайтын органның шағымды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылмайды.

! Өзге заңдарда шешімдерге шағымданудың ерекше тәртібі мен мерзімдері белгіленуі мүмкін.

Шағымды қарау мерзімі шағым түскен күннен бастап 5 жұмыс күнін құрайды.

! Өзге заңдарда шешімдерге шағымданудың өзге мерзімі белгіленуі мүмкін.

 

 

Дереккөз: ҚР ӘРПК,
ҚР "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңы

Заказать онлайн
Полное название
Экологиялық ақпарат беру
Получатели услуги
Жеке тұлғалар
Заңды тұлғалар
Стоимость услуги

Тегін

Срок оказания услуги

1 жұмыс күн ішінде

Услугу оказывает
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі
Место предоставления услуги
«Цифрлық үкімет» порталы

Мемлекеттік қызмет көрсету ережесі

Социальные медиа
Telegram
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы