
Cіз қызметті портал арқылы ала аласыз:
1. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, содан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады
2. "Электрондық лицензиялау" порталында авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз
3. "Онлайн сұратым" батырмасын басқаннан кейін ашылған "электрондық лицензиялау" порталының бетінде Өтініш беру" сілтемесін басып өтіңіз
4. Өтінішті толтырып ЭЦҚ-мен қол қойыңыз
5. Берілген өтініштің мәртебесін "Менің өтініштерім" бөлімінде қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат беру құжаттарым" бөлімінен, хабарламаны алу туралы "Менің хабарламаларым" бөлімінен біле аласыз.
Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
1) Қағиданың 6-тармағында көрсетілген құжаттар толық түрде ұсынылмаған жағдайда.
2) Өтініш беруші рұқсат алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған.
3) Көрсетілетін қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 343 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10244 болып тіркелген) Қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларымен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
4) Көрсетілетін қызметті алушыға қатысты осы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған.
Егер сіз осы қызметті көрсететін мемлекеттік органның лауазымды тұлғаларының шешімімен, әрекеттерімен немесе әрекетсіздігімен келіспесеңіз, сіз Министрліктің басшысының мекенжайына тиісті шағыммен жүгіне аласыз. Тіркелген сәттен бастап 5 күн ішінде сіздің шағымыңызды қарастырып сізге жауап беру керек.
Шағымды бірнеше тәсілмен беруге болады:
1. Жазбаша нысанда пошта арқылы.
2. "Электрондық үкімет" веб-портал арқылы.
3. Қызмет көрсетушінің кеңсесі арқылы қолма-қол.
Егер сіздің шағымыңызға алынған жауап сізді қанағаттандырмаса, сіз мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығыңыз бар.
Тегін
5 жұмыс күні