Портал арқылы сіз қызметті ала аласыз:
ЭЦҚ көмегімен:
1. «Қызметті онлайн алу» батырмасы бойынша өту.
2. «АСТАНА-1» кедендік және салықтық әкімшілендірудің автоматтандырылған жүйесі» сайтына өту.
Портал арқылы сіз қызметті ала аласыз:
ЭЦҚ көмегімен:
1. «Қызметті онлайн алу» батырмасы бойынша өту.
2. «АСТАНА-1» кедендік және салықтық әкімшілендірудің автоматтандырылған жүйесі» сайтына өту.
Көрсетілетін қызметті берушіге ұсыну үшін қажетті құжаттар:
Тәуекелдерді басқару жүйесі кедендік, өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру түрінде кедендік бақылау нысанын айқындауды қоспағанда, ТЭД беру көрсетілетін қызметті берушінің онда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарды ұсынуымен сүйемелденбейді.
ТД-ны қағаз жеткізгіште беру көрсетілетін қызметті берушіге ТД-ға мәлімделген мәліметтерді растайтын қағаз жеткізгіштегі құжаттарды, сондай-ақ оның электрондық түрін ұсынумен сүйемелденеді.
Vұндай құжаттарға:
1. Тауарлармен мәміле жасалғанын растайтын құжаттар, ал мұндай мәміле болмаған жағдайда – тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқығын растайтын өзге де құжаттар, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының иелігіндегі өзге де коммерциялық құжаттар.
2. Көліктік (тасымалдау) құжаттар.
3. Тыйым салулар мен шектеулердің, ішкі нарықты қорғау шараларының сақталуын растайтын құжаттар.
4. Тауарлардың шығарылуы туралы құжаттар.
5. Кедендік төлемдердің, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының төленгенін және (немесе) кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттердің орындалуын қамтамасыз етуді растайтын құжаттар.
6. Кедендік төлемдерді, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер беру мақсаттары мен шарттарының сақталуын растайтын құжаттар.

Мұндай құжаттарға:

Көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті лауазымды адамы қабылдаған, оның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (ЭЦҚ) куәландырылған, оның ішінде көрсетілетін қызметті алушыға, сондай-ақ мүдделі тұлғаларға ақпараттық жүйе арқылы бір мезгілде хабардар ете отырып, тауарларды шығару шешімі туралы хабарлама немесе тауарларды шығарудан бас тарту туралы шешім түріндегі мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
1. Кодекстің 182-бабының 5-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер бойынша кедендік декларацияны тіркеуден бас тартады:
1) кедендік декларация кедендік декларацияларды тіркеуге құқығы жоқ көрсетілетін қызметті берушіге берілсе;
2) кедендік декларацияны уәкілетті емес тұлға берсе және (немесе) оған қол қойылмаса не тиісті түрде куәландырылмаса;
3) кедендік декларациялау нысаны сақталмаса;
4) кедендік декларацияда Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына сәйкес көрсетілуге жататын мәліметтер көрсетілмеген және (немесе) кедендік декларация оны толтырудың белгіленген тәртібіне сәйкес толтырылмаған болса;
5) қағаз жеткізгіштегі кедендік декларация белгіленген нысан бойынша жасалмаған және (немесе) қағаз жеткізгіштегі электрондық кедендік декларацияның немесе кедендік декларацияның электрондық түрінің құрылымы мен форматы осындай құжаттардың белгіленген құрылымдары мен форматтарына сәйкес келмесе;
6) Кодекстің 180-бабының 2-тармағында көрсетілген тауарларды не Кодекстің 180-бабының 3-тармағына сәйкес Комиссия айқындаған жағдайлардағы тауарларды қоспағанда, оларға қатысты кедендік декларация берілетін тауарлар Қазақстан Республикасының аумағында болмаса;
7) Кодекске және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кедендік декларацияны бергенге дейін немесе берумен бір мезгілде жасалуға тиіс әрекеттер жасалмаса;
8) Кодекстің 188, 189-баптарында айқындалған, кедендік декларацияны бергенге дейін немесе берумен бір мезгілде сақталуға тиіс тауарларды кедендік декларациялаудың ерекшеліктері сақталмаса;
9) кедендік алымдарды төлеу бойынша жеңілдіктер беру жағдайларын, Кодекстің 80-бабына сәйкес кедендік алымдар төленбейтін жағдайларды қоспағанда, кедендік декларациялау үшін кедендік алым төленбеген жағдайларда.
2. Кодекстің 201-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер бойынша тауарларды шығарудан бас тартады:
1) көрсетілетін қызметті берушінің тауарларды шығару кезінде жүргізетін шарттардың, оның ішінде Кодекстің 194, 195, 196 және 197-баптарында көзделген шарттардың, сондай-ақ жеке пайдалануға арналған тауарларға, халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарына және керек-жарақтарға қатысты шарттардың орындамауы;
2) көрсетілетін қызметті берушінің Кодекстің 183-бабының 2-тармағында көзделген жағдайда, кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді өзгерту (толықтыру) туралы талаптарын орындамау;
3) алдын ала кедендік декларациялау кезінде Кодекстің 185-бабының 7-тармағында көзделген мән-жайлардың басталуы;
4) мерзімді кедендік декларациялау кезінде Кодекстің 187-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген осындай кедендік декларациялау ерекшеліктерінің сақталмауы және (немесе) көрсетілетін қызметті алушыда кедендік төлемдерді, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, пайыздарды және (немесе) өсімпұлдарды төлеу бойынша белгіленген мерзімде орындалмаған міндеттің болуы;
5) Кодекстің 193-бабының 3 және 6-тармақтарында белгіленген тауарларды шығару мерзімдері шегінде көрсетілетін қызметті берушінің талабы бойынша тауарды көрсетпеу;
6) Кодекстің 198-бабының 6 және 11-тармақтарында көзделген жағдайларда тауарларды шығару мерзімін жаңартпау;
7) Кодекстің 410-бабының 2 және 7-тармақтарында көзделген талаптарды орындамау;
8) жолаушылар кедендік декларациясында мәлімделген тауарларды Кодекстің 339-бабының 4-тармағына сәйкес жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызбау;
9) көрсетілетін қызметті берушінің тауарларына кедендік бақылау жүргізу кезінде:
Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады
Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:
Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.
Дереккөз: ҚР ӘРПК,
ҚР "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңы
Тауарларды кедендік декларациялау - 20 000 теңге
Заңды тұлғалар мен жеке адамдардың тауарларын кедендiк ресiмдеу - 0,2 % мөлшерінде кеден алымы
Тауарлар мен көлік құралдарын ол үшін белгіленген жерден тыс және мемлекеттік кірістер органдарының жұмыс уақытынан тыс кедендік ресімдеу - 0,4 % мөлшерінде кеден алымы
МҚ стандартында көрсетілген мерзімге сәйкес