gov.kz
Меню

Тауарды жіктеу туралы алдын ала шешім

Как получить услугу
Онлайн
Жеке тұлғалар

Портал арқылы сіз қызметті ала аласыз:

ЭЦҚ көмегімен:

  1. Қызметті алу үшін keden.kgd.gov.kz сайтында тіркелу қажет.
  2. Авторизациядан кейін «Кеден» ААЖ негізгі мәзірінен «Жүйеге кіру» батырмасын басу арқылы қолжетімді модульдерді көруге болады.
  3. «Алдын ала шешімдер» модулін таңдап, «Тауардың жіктелуі туралы алдын ала шешім қабылдау туралы» өтінішті жасау қажет.
  4. Сайттағы барлық қажетті жолдарды толтырып, сұранысты ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) арқылы қол қою қажет.
  5. Өтініштің қаралу мәртебесін «keden.kgd.gov.kz» порталындағы жеке кабинеттен қадағалауға болады.
Онлайн
Заңды тұлғалар

Азаматтарға арналған үкімет
Жеке тұлғалар

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ-ға ұсыну үшін қажетті құжаттар:

Тауарды жіктеу туралы алдын ала шешім алу үшін:

1. Өтініш.

Тауардың жіктелуі туралы алдын ала шешім қабылдау туралы өтініште тауардың толық коммерциялық атауы, фирмалық атауы (тауар белгісі), негізгі техникалық және коммерциялық сипаттамалары және тауарды нақты жіктеуге мүмкіндік беретін басқа да ақпарат көрсетілуі тиіс. Сондай-ақ, тауардың жіктелуі туралы алдын ала шешім қабылдау үшін кедендік алымның төленгені туралы мәліметтер көрсетілуі қажет.

2. Тауардың жіктелуі туралы алдын ала шешім қабылдау үшін кедендік алымның төленгені туралы құжаттың көшірмесі.

Қажет болған жағдайда кедендік сараптама жүргізу үшін тауардың үлгілері мен (немесе) сынамалары, сондай-ақ фотосуреттер, суреттер, сызбалар, бұйымның паспорттары және тауардың жіктелуіне қажетті басқа да құжаттар ұсынылады. Бұл құжаттар өтініш берушінің мөрімен (бар болған жағдайда) куәландырылуы тиіс.

Қызмет көрсетуші тауардың жіктелуі туралы алдын ала шешім қабылдау туралы өтінішке қоса берілген, қазақ немесе орыс тілдерінде толтырылмаған құжаттарда көрсетілген мәліметтердің аудармасын талап етуге құқылы.

Тауардың жіктелуі туралы алдын ала шешім тауардың әрбір атауы бойынша, оның ішінде нақты маркасы, моделі, артикулы және модификациясы бойынша қабылданады.

Тауардың шығу тегі туралы алдын ала шешім Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына нақты бір елден әкелінетін әрбір тауар атауы бойынша қабылданады.

Егер көрсетілген құжаттар мен мәліметтер жеткіліксіз болса немесе толық көлемде ұсынылмаса, тауардың жіктелуі туралы алдын ала шешім қабылдау туралы өтініш келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде қызмет көрсетуші қосымша ақпаратты ұсыну қажеттігі туралы сұрау жолдайды.

Қосымша ақпарат қызмет көрсетушінің сұрауы жіберілген күннен бастап алпыс күнтізбелік күннен кешіктірілмей ұсынылуы тиіс.

Дубликатты алу үшін:

1. Еркін түрде жазылған өтініш.

Тауардың жіктелуі туралы алдын ала шешімнің дубликатында түпнұсқадағы барлық мәліметтер, оның ішінде тіркеу нөмірі және қабылданған күні көрсетіледі және «Дубликат» деген белгі қойылады.

Результат оказания услуги
Часто задаваемые вопросы
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін қандай негіздер болуы мүмкін?
1) Егер қосымша ақпарат осы Тізбенің 8-тармағында белгіленген мерзімде ұсынылмаса не ұсынылған қосымша ақпарат тауарды сыныптау туралы алдын ала шешім қабылдауға мүмкіндік беретін мәліметтерді қамтымаса, көрсетілетін қызметті беруші тауарды сыныптау туралы осындай алдын ала шешім қабылдаудан бас тартады және бұл туралы бас тарту себептерін көрсете отырып, өтініш берушіні хабардар етеді. Бұл ретте өтінім беруші тауарды жіктеу туралы алдын ала шешім қабылдағаны үшін төлеген кедендік алым қайтарылмайд;
2) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
3) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
4) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.
Әкімшілік рәсімді қозғау үшін негіздер
  • өтініш;
  • әкімшілік органның, лауазымды адамның бастамасы.

Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады

Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:

  • жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде), пошталық мекенжайы не заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде);
  • өтініш берілетін әкімшілік органның, лауазымды адамның атауы;
  • өтініштің мәні;
  • өтініштің берілген күні;
  • өтініш иесінің немесе оның өкілінің қолы;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәліметтер көрсетіледі.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.

! Өтінішті қабылдаудан бас тартуға тыйым салынады.

  1. Өтініш кодекстің 63-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, әкімшілік орган, лауазымды адам өтініш берушіге өтініштің қандай талаптарға сәйкес келмейтінін көрсетеді, оны талаптарға сәйкес келтіру үшін орынды мерзім белгілейді.
  2. Өтініш беруші әкімшілік іс бойынша шешім қабылданғанға дейін өзінің жазбаша өтініші негізінде өтінішті кері қайтарып ала алады.

Өтінішті уәкілетті әкімшілік органға, лауазымды адамға қайта жіберу

Осы өтінішті қарау өкілеттігіне кірмейтін әкімшілік органға, лауазымды адамға келіп түскен өтініш келіп түскен күннен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде әкімшілік рәсімге қатысушыны бір мезгілде хабардар ете отырып, уәкілетті әкімшілік органға, лауазымды адамға қайта жіберіледі.

  1. Әкімшілік рәсімнің мерзімі өтініш келіп түскен күннен бастап 15 жұмыс күнін құрайды.

! Заңдарда өтініштерді қараудың өзге мерзімдері белгіленуі мүмкін (Мысалы, "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Заңға сәйкес жазбаша сұрау салуға жауап ақпарат иесіне келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде беріледі).

  1. Әкімшілік рәсімнің мерзімі әкімшілік орган басшысының дәлелді шешімімен 2 айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін, бұл туралы Әкімшілік рәсімге қатысушыға мерзім ұзартылған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде хабарланады.

Әкімшілік рәсімге қатысушы әкімшілік актіні қабылдауға байланысты әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) шағымдануға құқылы.

Егер әкімшілік орган, лауазымды адам мерзімінде әкімшілік актіні қабылдамаса, әкімшілік әрекетті жасамаса, онда мерзімдер өткен күннен бастап әкімшілік орган, лауазымды адам әкімшілік актіні қабылдаудан, әкімшілік әрекетті жасаудан бас тартты деп есептеледі.

Шағым әкімшілік органға, әкімшілік актісі, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адамға беріледі.

Сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін жол беріледі. Егер заңда жоғары тұрған органға шағымдану қажеттілігінсіз сотқа жүгіну мүмкіндігі көзделген жағдайда, әкімшілік орган, әкімшілік әрекеті (әрекетсіздігі) дауланатын лауазымды адам, әкімшілік акті сотқа кері қайтарып алумен қатар жоғары тұрған әкімшілік орган басшысының, лауазымды адамның уәжді ұстанымын ұсынады.

! ӘРПК шағымдану тәртібін әрдайым реттей бермейді, салалық заңдарда шешімге сотқа дейінгі шағымсыз дереу сот тәртібімен шағымдануды көрсететін нормалар болуы мүмкін.

  1. Әкімшілік актіге, әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) шағым әкімшілік органға, лауазымды адамға әкімшілік рәсімге қатысушыға әкімшілік актінің қабылданғаны немесе әкімшілік әрекеттің (әрекетсіздіктің) жасалғаны туралы белгілі болған күннен бастап 3 айдан кешіктірілмей беріледі.
  2. Дәлелді себеппен өткізіп алған жағдайда, әкімшілік рәсімге қатысушының өтінішхаты бойынша мерзімді шағымды қарайтын орган қалпына келтіре алады.
  3. Шағымдану үшін өткізіп алған мерзім шағымды қарайтын органның шағымды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылмайды.

! Өзге заңдарда шешімдерге шағымданудың ерекше тәртібі мен мерзімдері белгіленуі мүмкін.

Шағымды қарау мерзімі шағым түскен күннен бастап 5 жұмыс күнін құрайды.

! Өзге заңдарда шешімдерге шағымданудың өзге мерзімі белгіленуі мүмкін.

Дереккөз: ҚР ӘРПК,
ҚР "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңы

Заказать онлайн
Полное название
Тауарларды жіктеу туралы алдын ала шешім қабылдау
Получатели услуги
Жеке тұлғалар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Заңды тұлғалар
Стоимость услуги

9 АЕК

Срок оказания услуги
Тауарды жіктеу туралы алдын ала шешім қабылдау туралы өтініш тіркелген күннен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірмей.
Услугу оказывает
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
Место предоставления услуги
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ
«Цифрлық үкімет» порталы

Мемлекеттік қызмет көрсету ережесі

Социальные медиа
Telegram
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы