
Портал арқылы сіз қызметті ала аласыз:
ЭЦҚ көмегімен:
Өтінішке онда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттар қоса беріледі.
Өтінішпен бірге көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар, егер мұндай құжаттар туралы мәліметтерді және (немесе) олардағы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші ақпараттық жүйелерден, сондай-ақ ақпараттық өзара іс-қимыл шеңберінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдарының (ұйымдарының) ақпараттық жүйелерінен алуы мүмкін болса ұсынумен сүйемелденбейді.
Көрсетілетін қызметті беруші өтініш тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтінішті қарау туралы не оны қараудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу туралы шешім, хабарламамен немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
1) өтініш белгіленген нысанға сәйкес толтырылмаған не электрондық құжат түріндегі өтініштің құрылымы мен форматы осындай өтініштің белгіленген құрылымы мен форматына сәйкес келмесе;
2) өтініште көрсетілуге жататын мәліметтер өтініште көрсетілмесе;
3) өтініш Кеден кодексінің 534-бабы 7-тармағының 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша заңды тұлға уәкілетті экономикалық операторлар тізілімінен шығарылған күннен бастап бір жыл өткенге дейін берілсе;
4) Кеден кодексінің 532-бабында белгіленген шарттар сақталмаса.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-1-бабында көзделген бас тарту үшін негіздер болған кезде;
5) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
6) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
7) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.
Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады
Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:
Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.
Дереккөз: ҚР ӘРПК,
ҚР "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңы
Тегін
Өтініш тіркелген күннен бастап күнтізбелік 90 күннен кешіктірмей