
Cіз қызметті портал арқылы ала аласыз:
1. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, содан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
2. "Электрондық лицензиялау" порталында авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз.
3. "Онлайн сұратым" батырмасын басқаннан кейін ашылған "электрондық лицензиялау" порталының бетінде Өтініш беру" сілтемесін басып өтіңіз.
4. Өтінішті толтырып ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
5. Берілген өтініштің мәртебесін "Менің өтініштерім" бөлімінде қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат беру құжаттарым" бөлімінен, хабарламаны алу туралы "Менің хабарламаларым" бөлімінен біле аласыз.
Инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференцияларды беруді көздейтін инвестициялық жобаны іске асыруға келісімшарт жасасу немесе мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы жазбаша нысанда уәжді түрдегі жауап.
1) Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтауы.
2) Көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
3) Мемлекеттік мүлікті, жер ресурстарын, кеден ісін басқару саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін келісу туралы сұрау салуға теріс жауабы.
4) Көрсетілетін қызметті алушыға қатысты осы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) бар болса.
5) Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы.
Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады
Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:
Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.
Дереккөз: ҚР ӘРПК,
ҚР "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңы
Тегін
Құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап - 27 жұмыс күні