
Cіз қызметті портал арқылы ала аласыз:
Cіз қызметті портал арқылы ала аласыз:
Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспортына немесе импортына лицензия, қос мақсаттағы тауарлардың немесе ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бақыланатын тауарлардың экспортына жалпы лицензия беру немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.
1) Қазақстан Республикасының заңдарында жеке немесе заңды тұлғалардың осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынуы;
2) лицензиялық алым енгізілмеген;
3) көрсетілетін қызметті алушы біліктілік талаптарына сәйкес келмесе;
4) көрсетілетін қызметті беруші тиісті келісуші мемлекеттік органнан көрсетілетін қызметті алушының лицензиялау кезінде қойылатын талаптарға сәйкес келмейтіні туралы жауап алса;
5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты қызметті немесе лицензиялауға жататын жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) бар; 6) сот орындаушысының ұсынысы негізінде көрсетілетін қызметті алушы-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салынады;
7) көрсетілетін қызметті алушының ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
8) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
9) экспортты жүзеге асыру Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының VII тарауы, атап айтқанда қару-жарақ эмбаргосы негізінде әрекет ететін Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесі қабылдаған шараларды жүзеге асыру жөніндегі міндеттерді бұзатын болады;
10) экспортты жүзеге асыру Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдер бойынша, атап айтқанда, қарапайым қару-жарақты беруге немесе олардың заңсыз айналымына қатысты халықаралық міндеттемелерін бұзатын болады;
11) белгілі бір тауарлар геноцид актілерін, адамзатқа қарсы қылмыстарды, 1949 жылғы Женева конвенцияларын елеулі бұзушылықтарды, қорғанысты пайдаланатын азаматтық объектілерге немесе бейбіт тұрғындарға шабуылдарды немесе халықаралық келісімдерде анықталғандай басқа да әскери қылмыстарды жасау үшін пайдаланылатыны туралы ақпарат болған жағдайда;
12) импорттаушы елдің кепілдік міндеттемесінің түпнұсқалығын тексерудің теріс нәтижесі (не оның жіберілген сәттен бастап күнтізбелік 1 (бір) жыл ішінде болмауы);
13) Қазақстан Республикасының мүдделеріне нұқсан келтірілгенде немесе нұқсан келтіру қатері туындағанда;
14) Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелері бұзылғанда;
15) тәуекелдерді бағалауды жүзеге асыру қорытындылары бойынша теріс нәтиже болғанда;
16) егер рұқсат алуға өтініш берілгенге дейін бір жыл ішінде өтініш берушіге қатысты Қазақстан Республикасының өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жаза қолданылса;
17) егер рұқсат алуға өтініш берілгенге дейін бір жыл ішінде өтініш берушіге қатысты өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласында қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін соттың айыптау үкімі шығарылса немесе Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде өтініш беруші қылмыстық теріс қылық немесе онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан босатылса;
18) егер өтініш берушіге соңғы бес жыл ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің санкциялары қолданылса;
19) егер өтініш беруші соңғы бес жыл ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің санкцияларын бұзса, жүзеге асырылады.
Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады
Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:
Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.
Дереккөз: ҚР ӘРПК,
ҚР "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңы
Лицензияны беру - 30 жұмыс күні.
Қайта рәсімдеу - 3 жұмыс күні.
Көрсетілетін қызметті алушыны қайта ұйымдастыру кезінде қайта ресiмдеу - 30 жұмыс күні.