
Cіз қызметті портал арқылы ала аласыз:
1. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, содан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
2. "Электрондық лицензиялау" порталында авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз.
3. "Онлайн сұратым" батырмасын басқаннан кейін ашылған "электрондық лицензиялау" порталының бетінде Өтініш беру" сілтемесін басып өтіңіз.
4. Өтінішті толтырып ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
5. Берілген өтініштің мәртебесін "Менің өтініштерім" бөлімінде қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат беру құжаттарым" бөлімінен, хабарламаны алу туралы "Менің хабарламаларым" бөлімінен біле аласыз.
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға лицензия (бұдан әрі – лицензия) беру, лицензияны қайта ресімдеу, лицензия телнұсқаларын беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мына жағдайлар:
Лицензияның телнұсқаларын беру кезінде жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымға ақы төлемеу лицензияның телнұсқасын беруден бас тартуға негіз болып табылады.
Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады
Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:
Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.
Дереккөз: ҚР ӘРПК,
ҚР "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңы
1) мыналармен айналысу құқығына лицензия беру үшін лицензиялық алым:
брокерлік қызметпен 30 АЕК;
дилерлік қызметпен - 30 АЕК;
инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметпен - 30 АЕК;
кастодиандық қызметпен - 30 АЕК;
трансфер-агенттік қызметпен - 10 АЕК;
бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдармен сауда-саттықты ұйымдастыру жөніндегі қызметпен - 10 АЕК;
банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметі – 800 АЕК;
қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметімен - 40 АЕК;
2) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым тиісті мөлшерлеменің 10 пайызын құрайды;
3) лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензиялық алым тиісті мөлшерлеменің 100 пайызын құрайды.
лицензия берген кезде – 30 жұмыс күнінен кешіктірмей;
лицензияны қайта ресімдеген кезде - 3 жұмыс күні ішінде;
көрсетілетін қызметті алушыны бөлініп шығу немесе бөлу нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда лицензияны қайта ресімдеген кезде - 30 жұмыс күнінен кешіктірмей;
лицензияның телнұсқаларын берген кезде – 2 жұмыс күні ішінде.