
Cіз қызметті портал арқылы ала аласыз:
Cіз қызметті портал арқылы ала аласыз:
Теміржол көлігі саласындағы жүктерді тасымалдауға лицензия, лицензияны қайта ресімдеу не осы мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын көзделген жағдайда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
1) Қазақстан Республикасының заңдарында субъектілердің (жеке немесе заңды тұлғалардың) осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынуы;
2) лицензиялық алым енгізілмеген;
3) көрсетілетін қызметті алушы біліктілік талаптарына сәйкес келмесе;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты теміржол көлігі саласында жүк тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болғанда;
5) сот орындаушысының ұсынымы негізінде сот көрсетілетін қызметті алушыға лицензия алуға уақытша тыйым салған жағдайларда, лицензия беруден бас тартады;
6) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.
Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады
Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:
Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.
Дереккөз: ҚР ӘРПК,
ҚР "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңы
Лицензия – 6 АЕК
Лицензияны қайта ресімдеу үшін – лицензия беру кезіндегі алым ставкасынан 10%-ын
2 жұмыс күн