1) басшы қызметкер лауазымына кандидаттың Мемлекеттік реттеу туралы заңның 9-4-бабында, «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 20) тармақшасында, 54-бабының 4-тармағында, 59-бабының 2-тармағында және «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабында немесе Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
2) тестілеудің теріс нәтижесі;
Тестілеудің теріс нәтижелері:
- басшы қызметкер лауазымына кандидатты тестілеу нәтижесі дұрыс жауаптардың жетпіс пайызынан аз болады;
- басшы қызметкер лауазымына кандидаттың уәкілетті орган айқындаған тестілеу тәртібін бұзуы;
уәкілетті органның басшы қызметкер лауазымына кандидатты келісу мерзімі аяқталғанға дейін белгіленген уақытта тестілеуге келмеуі;
3) Мемлекеттік реттеу туралы заңның 9-4-бабының 6-тармағында және Қағидаларда белгіленген мерзім өткеннен кейін уәкілетті органның ескертулерін жоймау немесе уәкілетті органның ескертулерін ескере отырып пысықталған құжаттарды ұсыну;
4) кандидатты басшы қызметкер лауазымына тағайындаудың (сайлаудың) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртібінің бұзылуы;
5) құжаттарды басшы қызметкер өз лауазымын уәкілетті органмен келіспей атқаратын, Мемлекеттік реттеу туралы заңның 9-4-бабының 6-тармағында белгіленген мерзім өткеннен кейін ұсыну;
6) уәкілетті органда басшы қызметкер лауазымына кандидаттың бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалған және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтіруге әкеп соққан деп танылған іс-қимылдарды жасағаны туралы ақпараттың болуы.
Бұл талап аталған оқиғалардың қайсысының ерте басталуына қарай бір жыл бойы қолданылады:
- уәкілетті орган басшы қызметкер лауазымына кандидаттың іс-қимылдарын бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалды деп тануы;
- уәкілетті органның осындай іс-қимылдарды жасау нәтижесінде үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтіру фактісін растайтын ақпарат алуы;
7) уәкілетті органда басшы қызметкер лауазымына кандидаттың бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп танылған іс-әрекеттер жасағаны үшін уәкілетті орган қадағалап ден қою шараларын қолданған және (немесе) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 259-бабы бойынша әкімшілік жаза қолданылған қаржы ұйымының басшы қызметкері (оның міндеттерін атқарған тұлға) болғаны туралы ақпараттың болуы;
8) уәкілетті органда басшы қызметкер лауазымына кандидаттың қаржы ұйымының басшы қызметкері (оның міндетін атқарушы тұлға), іс-әрекеттері қаржы ұйымына және (немесе) мәмілеге қатысатын үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) залал келтіруге әкеп соққан қор биржасының трейдері болғаны туралы ақпараттың болуы;
9) уәкілетті органда басшы қызметкер лауазымына кандидаттың құзыретіне осы тармақтың 7) тармақшасында көрсетілген бұзушылықтарға әкеп соққан мәселелер бойынша шешімдер қабылдау кірген қор биржасының трейдері болғаны туралы ақпараттың болуы.
Осы тармақтың 7), 8) және 9) тармақшаларында белгіленген талаптар аталған оқиғалардың ішіндегі ең ерте орын алған оқиғаның басталған күнінен бастап бір жыл бойы қолданылады:
- уәкілетті органның қаржы ұйымының іс-қимылдарын бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалды деп тануы;
- уәкілетті органның басшы қызметкер лауазымына кандидаттың осындай іс-қимылдарды жасау нәтижесінде қаржы ұйымына және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтірілуін растайтын ақпарат алуы.
Осы тармақтың 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген ақпаратқа уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органынан алған ақпарат та жатады.
10) «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін (көрсетілетін қызметті алушылар – жеке тұлғалар үшін) талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын келісімінің болмауы.