
Cіз қызметті портал арқылы ала аласыз:
1. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, содан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
2. "Электрондық лицензиялау" порталында авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз.
3. Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
4. Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
5. Берілген өтініштің мәртебесін "Менің өтініштерім" бөлімінде қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат беру құжаттарым" бөлімінен, хабарламаны алу туралы "Менің хабарламаларым" бөлімінен біле аласыз.
1) қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына лицензия және лицензияға қосымша алу үшін - қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына лицензия беру туралы хабарлама және лицензияға қосымша не қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына лицензия беруден бас тарту туралы дәлелді жауап және лицензияға қосымша;
2) қосымша айырбастау пункті ашылған кезде қолданыстағы лицензияға қосымшаны алу үшін-қосымша айырбастау пункті ашылған кезде қолданыстағы лицензияға қосымшаны беру туралы хабарлама не қосымша айырбастау пункті ашылған кезде қолданыстағы лицензияға қосымшаны беруден бас тарту туралы дәлелді жауап;
3) лицензияны және оған қосымшаны қайта ресімдеу үшін – лицензияны және оған қосымшаны қайта ресімдеу туралы хабарлама не лицензияны және оған қосымшаны қайта ресімдеуден бас тарту туралы дәлелді жауап;
4) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін – лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу туралы хабарлама не лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
1. "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Валюталық реттеу туралы заң) 12-бабының 4-тармағында және Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Рұқсаттар туралы заңның) 29-бабында көзделген құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсынбау, Қағидаларға 4-1-қосымшаның 8-тармағында, сондай-ақ 32-бабында көзделген құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсынбау;
2. Өтініш берушінің және (немесе) ұсынылған құжаттардың және (немесе) мәліметтердің Валюталық реттеу туралы заңның 12-бабының 4-тармағында және Рұқсаттар туралы заңының 32-бабының 1-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады
Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:
Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.
Дереккөз: ҚР ӘРПК,
ҚР "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңы
Лицензия - 40 АЕК
Қайта ресімдеу - лицензиялық алымнан 10%
Лицензия – 20 жұмыс күні ішінде
Қолданыстағы лицензияға қосымша – 10 жұмыс күні ішінде
Лицензияны және (немесе) оған қосымшаны қайта рәсімдеу – 10 жұмыс күні ішінде