Cіз мына қызметті портал арқылы ала аласыз:
1. Порталда авторизациядан өтіңіз және "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз (қызметті алу үшін сізде eokno.gov.kz сайтында тіркеуіңіз болуы қажет).
2. Eokno.gov.kz сайтындағы қажетті өрістерді толтырыңыз және қажетті құжаттарды қоса тіркеңіз, сұратымға ЭЦҚ-мен (электрондық цифрлық қолтаңбамен) қол қойыңыз. "Экспорттық-импорттық операциялар үшін Қазақстан Республикасының бірыңғай терезесі" сервисінде өтінішті қарастыру мәртебесін қадағалаңыз.

Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының шешіміне сәйкес тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарын және (немесе) ғылыми-зерттеулер жүргізу үшін өсімдіктерді қорғаудың тіркелмеген құралдарының (пестицидтердің) үлгілерін әкелуге арналған уәкілетті органның қорытындысы (рұқсат беру құжаты) не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту.
1) көрсетілетін қызметті алушының осы мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көзделген құжаттарды ұсынбауы;
2) қорытынды (рұқсат құжатын) алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарда толық емес немесе дұрыс емес мәліметтердің болуы;
3) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің "Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешіміне сәйкес тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарын және (немесе) ғылыми-зерттеулер жүргізу үшін өсімдіктерді қорғаудың тіркелмеген құралдарының (пестицидтердің) үлгілерін әкелуге арналған қорытынды (рұқсат құжаты) беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
4) пестицидтердің ұсақмөлдекті және өндірістік сынақтарын жүргізу жоспарында тіркелмеген пестицидтердің болмауы;
5) ғылыми зерттеулер жүргізуге арналған шарттың болмауы;
6) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
7) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы.
Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады
Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:
Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.
Дереккөз: ҚР ӘРПК,
ҚР "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңы
Тегін
2 жұмыс күнi