
Cіз қызметті портал арқылы ала аласыз:
1. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, содан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
2. "Электрондық лицензиялау" порталында авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз.
3. "Онлайн сұратым" батырмасын басқаннан кейін ашылған "электрондық лицензиялау" порталының бетінде Өтініш беру" сілтемесін басып өтіңіз.
4. Өтінішті толтырып ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
5. Берілген өтініштің мәртебесін "Менің өтініштерім" бөлімінде қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат беру құжаттарым" бөлімінен, хабарламаны алу туралы "Менің хабарламаларым" бөлімінен біле аласыз.
1. Еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға рұқсат алу үшін - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің еншілес ұйымды құруына немесе иеленуіне рұқсат беру туралы хабарлама не уәкілетті орган басқармасының тиісті қаулысының көшірмесін қоса бере отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің еншілес ұйымды құруына немесе иеленуіне рұқсат беруден бас тарту туралы хабарлама;
2. Ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат алу үшін - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің ұйымдардың капиталына қомақты қатысуына рұқсат беру туралы хабарлама не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің еншілес ұйымды иеленуіне, сақтандыру (қайта сақтандыру) холдингінің қомақты қатысуына рұқсат беруден бас тарту туралы хабарлама;қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің уәкілетті орган басқармасының тиісті қаулысының көшірмесін қоса бере отырып, ұйымдардың капиталындағы қайта сақтандыру ұйымына және (немесе) сақтандыру холдингіне жібереді.
1. Сақтандыру қызметі туралы заңның 32-бабында көрсетілген талаптарға ұсынылған құжаттардың сәйкес келмеуі не ұсынылған құжаттар бойынша уәкілетті органның ескертулерін олар белгілеген мерзімде жоймауы.
2. Құрылатын немесе сатып алынатын еншілес ұйымы орналасқан елдің қаржы ұйымдарын шоғырландырылған қадағалау саласындағы заңнамасының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген шоғырландырылған қадағалау талаптарына сай келмеуі.
3. көрсетілетін қызметті алушының еншілес ұйымының басшы қызметкерінің (немесе басшы қызметкер лауазымына тағайындау немесе сайлау үшін ұсынылатын кандидаттың):
4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің еншілес ұйымының болжанатын болуы нәтижесінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі құрамына кіретін сақтандыру тобының пруденциялық нормативтерді сақтамауы.
5. Еншілес ұйымы қызметінің немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингі жоспарлайтын инвестициялардың салдарынан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің немесе сақтандыру тобының қаржылық ахуалының нашарлауы болжанатын қаржылық салдардың талдамасы.
6. Тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйелерінің, оның ішінде еншілес ұйымының қызметімен байланысты тәуекелдерге қатысты жүйелердің уәкілетті органның тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйелеріне қоятын талаптарына сәйкес келмеуі.
7. Еншілес ұйымы орналасқан елінің заңнамасында көзделген жағдайларда еншілес ұйымның белгіленген пруденциялық нормативтерді, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің пруденциялық нормативтерді, оның ішінде шоғырландырылған негізде және уәкілетті органға рұқсат алуға өтініш берген күннің алдындағы соңғы үш ай ішінде және (немесе) өтінішті қарау кезеңінде сақталуы міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді сақтамауы.
8. Өтініш берілген күні және құжаттарды қарау кезеңінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында және (немесе) сақтандыру холдингінде және (немесе) иелену болжанған еншілес ұйымда қолданыстағы қадағалап ден қою шараларының және (немесе) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 227, 229, 230-баптарында, 239-бабының төртінші бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік шаралардың болуы.
9. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі еншілес ұйымды - Қазақстан Республикасының резиденттері - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, банкті, инвестициялық портфельді басқарушыны құрған немесе иемденген жағдайда, Заңда, Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі және бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасында көзделген Қазақстан Республикасының резиденттері сақтандыру немесе банк холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, банктің, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім беруге қатысты талаптарды сақтамауы.
10. "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес ұсынылатын көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.
Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады
Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:
Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.
Дереккөз: ҚР ӘРПК,
ҚР "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңы
50 АЕК
50 жұмыс күні ішінде