
Cіз қызметті портал арқылы ала аласыз:
1. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, содан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
2. "Электрондық лицензиялау" порталында авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз.
3. "Онлайн сұратым" батырмасын басқаннан кейін ашылған "электрондық лицензиялау" порталының бетінде Өтініш беру" сілтемесін басып өтіңіз.
4. Өтінішті толтырып ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
5. Берілген өтініштің мәртебесін "Менің өтініштерім" бөлімінде қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат беру құжаттарым" бөлімінен, хабарламаны алу туралы "Менің хабарламаларым" бөлімінен біле аласыз.
1. Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру, Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру, Жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру, Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгін мiндеттi сақтандыру, Туристі міндетті сақтандыру, Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру, Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру, Мiндетті экологиялық сақтандыру, Жаңадан құрылған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ашық филиалының сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыруына лицензия алу үшін, Міндетті сақтандырудың қосымша сыныптары бойынша лицензия алу үшін, Міндетті сақтандырудың түрлері бойынша қайта сақтандыру бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін - лицензия беру немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
2. Лицензияны қайта ресімдеу үшін - қолданыстағы лицензиядан алып тастау үшін таңдап алынған (таңдалған) сыныпты қоспағанда, бұрын берілген сыныптар бойынша лицензия алу не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
3. Телнұсқа алу үшін - қолданыстағы лицензияның телнұсқасын немесе Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты алу.
1. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтамау.
2. Құрамына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы кіретін сақтандыру тобының өтініш бергенге дейінгі алты ай кезеңде белгіленген пруденциялық нормативтер мен сақталуы міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді сақтамау.
3. Ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі.
4. Басшы қызметкерді келіспеу (қайта құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қайта ашылатын филиалы үшін).
5. Заңды тұлғалардың аталған санаты үшін қызмет түрімен айналысуға Қазақстан Республикасының заңымен тыйым салу;
6. Лицензиялық алымның төленбеуі.
7. Заңның 46-бабының 12-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының резерв ретінде қабылданатын активтерін қалыптастыру бойынша талаптардың орындалмауы.
8. Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында резиденті Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген, мәні бойынша ұқсас қызмет түрлерін жүзеге асыруға арналған қолданыстағы лицензияның болмауы.
9. Заңның 34-бабында көрсетілген Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының басшы қызметкерлері қатарында кемінде екі Қазақстан Республикасының резидент-басшы қызметкерінің болуы бойынша талаптардың сақталмауы.
10. Көрсетілетін қызметті алушыға қатысты лицензиялануға тиіс қызметті немесе қызметтің жеке түрлерін тоқтата тұру немесе тыйым салу туралы заң күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы.
11. Соттың сот орындаушысы ұсынған ұсынымның негізінде көрсетілетін қызметті алушы-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салуы.
12. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда және негіздер бойынша.
13. "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы заңының 8-бабына сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсетуге талап етілетін, қол жетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жетімділікке көрсетілетін қызметті алушының берілетін келісімінің болмауы.
Қосымша сақтандыру сыныптары бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыруға лицензия беруден бас тарту жоғарыда көрсетілген негіздерді қоспағанда, мынадай негіздер бойынша жүзеге асырылады:
1) алынатын қосымша сақтандыру сыныбын ескерумен пруденциялық нормативтердің сақталмауы болжамы;
2) өтініш беру күніне дейінгі соңғы 3 (үш) ай ішінде және оны қарау кезеңінде пруденциялық нормативтерді сақтамау;
3) сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданысын тоқтата тұру түріндегі қолданыстағы санкцияның болуы;
4) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы заңының 8-бабына сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсетуге талап етілетін, қол жетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жетімділікке көрсетілетін қызметті алушының берілетін келісімінің болмауы.
Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады
Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:
Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.
Дереккөз: ҚР ӘРПК,
ҚР "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңы
Лицензия – 500 АЕК
Лицензияны қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру үшін – лицензия берген үшін – лицензиялық алымнан 10%
Лицензия - 30 жұмыс күні ішінде.
Қайта құрылған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, ашылған Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы үшін – 9 жұмыс күні ішінде.
Лицензияны қайта ресімдеу - 15 жұмыс күні ішінде.
Көрсетілетін қызметті алушы бөлініп шығу немесе бөлу нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда - 30 жұмыс күні ішінде.
Телнұсқасы - 2 жұмыс күні ішінде.