Банкке, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге рұқсат беруден бас тарту негіздері:
1) уәкілетті орган белгілеген мерзімде ұсынылған құжаттар бойынша уәкілетті органның ескертулерін жоймау;
2) банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының еншілес ұйымының болжамды болуы нәтижесінде банктің, (сақтандыру) ұйымының пруденциялық нормативтер мен лимиттерді сақтамауы;
3) еншілес ұйым қызметінің немесе банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жоспарлайтын инвестициялардың салдарынан банктің, банк конгломератының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру тобының қаржылық жағдайының нашарлауы болжанатын қаржылық салдарды талдау;
4) уәкілетті органға рұқсат алуға арналған өтініш берген күнге дейінгі соңғы үш ай ішінде және (немесе) өтінішті қарау кезеңінде резиденті иеленетін еншілес ұйым болатын мемлекеттің заңнамасында көзделген жағдайларда иеленетін еншілес ұйымның белгіленген пруденциялық нормативтер мен лимиттерді сақтамауы;
55) өтініш берілген күні және (немесе) құжаттарды қарау кезеңінде банкте, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында және (немесе) иелену болжанған еншілес ұйымда «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Банктер туралы заң) 80-бабы 1-тармағының 2), 3), 4), 5), 8) және 13) тармақшаларында, 81-бабында, «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Сақтандыру қызметі туралы заң) 53-3-бабы 1-тармағының 2), 3), 4), 5) және 8) тармақшаларында көзделген қолданыстағы қадағалап ден қою шараларының және (немесе) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 213-бабының алтыншы және сегізінші бөліктерінде, 227, 229, 230-баптарында және 239-бабының төртінші бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жазалардың болуы;
66) Банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қазақстан Республикасының резиденттері – банкті, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, инвестициялық портфельді басқарушы еншілес ұйымын құрған немесе иеленген жағдайларда, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы заңында, сондай-ақ Банктер туралы заңда, Сақтандыру қызметі туралы заңда және «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының заңында көзделген Қазақстан Республикасының резиденттері – банк холдингі, сақтандыру холдингі, банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім беруге қатысты талаптарды сақтамауы;
77) банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының Банктер туралы заңның 23 және 50-баптарында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 15-1 және 48-баптарында белгіленген банктің еншілес ұйымдарын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының еншілес ұйымдарын құруға, банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының ұйымдар капиталындағы акцияларды, қатысу үлестерін, пайларын немесе үлестік қатысудың басқа да нысандарын иеленуге қатысты талаптарды сақтамауы.
Банктің стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйымды құруына немесе иеленуіне рұқсат беруден бас тарту негіздері:
1) уәкілетті орган белгілеген мерзімде ұсынылған құжаттар бойынша уәкілетті органның ескертулерін жоймау;
2) стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйымды болжамды құру (иелену) және оның болжалды болуы нәтижесінде құрамына банк кіретін банк конгломератының пруденциялық нормативтер мен лимиттерді сақтамауы;
3) стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйымға беруге жоспарланған активтердің Банктер туралы заңының 30-бабының 3-тармағында және (немесе) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
Банкке, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ұйымдар капиталына қомақты қатысуға рұқсат беруден бас тарту осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген негіздер бойынша жүргізіледі.