gov.kz
Меню

Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға лицензия беру

Как получить услугу
Онлайн
Заңды тұлғалар

Cіз қызметті портал арқылы ала аласыз:

1. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, содан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.

2. "Электрондық лицензиялау" порталында авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз.

3. "Онлайн сұратым" батырмасын басқаннан кейін ашылған "электрондық лицензиялау" порталының бетінде Өтініш беру" сілтемесін басып өтіңіз.

4. Өтінішті толтырып ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.

5. Берілген өтініштің мәртебесін "Менің өтініштерім" бөлімінде қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат беру құжаттарым" бөлімінен, хабарламаны алу туралы "Менің хабарламаларым" бөлімінен біле аласыз.

Қызмет беруші
Заңды тұлғалар

Көрсетілетін қызметті берушіге ұсыну үшін қажетті құжаттар:

  1. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға лицензия беру туралы өтініш (тұлғаның өтініш беруге өкілеттігін растайтын құжаттарды және оған қоса берілетін құжаттар мен мәліметтерді қоса бере отырып), онда өтініш беруші өз қызметін жүзеге асыруды жоспарланып отырған бастауға байланысты барлық ұйымдастыру-техникалық іс-шаралардың орындалғанын растайды.
  2. «Цифрлық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыру құқығы үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.
  3. Көрсетілетін қызметті алушының тиісті органының банк операцияларының жекелеген түрлерін жоспарланып отырған жүзеге асыру туралы шешімінің көшірмесі, сондай-ақ жарғының көшірмесі (салыстырып тексеру үшін жарғының түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариат куәландырған).
  4. Құжаттарды ұсыну күнінің алдындағы күнгі жағдай бойынша Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың банк операцияларын жүргізу үшін біліктілік талаптарына 1-қосымшаға, сондай-ақ осы қаулыға 2-қосымшада белгіленген біліктілік талаптарына (бұдан әрі – Біліктілік талаптары) сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесіне сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесіне сәйкес заңды тұлға болып табылатын банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның акционері (қатысушысы) туралы мәліметтер.
  5. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың банк операцияларын жүргізу үшін біліктілік талаптарына, сондай-ақ көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесіне 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке басты куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесін қоса бере отырып (шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар үшін), банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның басшы қызметкерлері, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның акционері (қатысушысы) - заңды тұлғасының басшы қызметкерлері туралы, акционер (қатысушы) жеке тұлға туралы мәліметтер.
  6. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның басшы қызметкерлерінде, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым акционерінің (қатысушысының)- заңды тұлғасының басшы қызметкерлерінде, акционер (қатысушы)-жеке тұлғада азаматтығы бар елдің мемлекеттік органы (тұрақты тұратын елдің - азаматтығы жоқ адамдар үшін) берген азаматтығы бар елде (шетелдіктер үшін) немесе тұрақты тұратын елде (азаматтығы жоқ адамдар үшін) қылмыстары үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болмауы туралы құжаттың көшірмесі.
    Егер банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның басшы қызметкері, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым акционерінің (қатысушысының)-заңды тұлғасының басшы қызметкері, акционер (қатысушы)-жеке тұлға соңғы 10 жыл ішінде азаматтығы бар елден тыс жерде тұрақты тұрған болса, кандидат соңғы 10 жыл бойы тұрақты тұрған елде қылмыстары үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқтығы туралы құжаттың электрондық көшірмесін ұсынады.
    Көрсетілген құжаттарды беру күні өтініш берілген күннің алдындағы 3 айдан аспайды (ұсынылатын құжатта оның қолданыс мерзімі көрсетілген өзге жағдайларды қоспағанда).
    Егер мемлекеттік органы алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқтығы туралы мәліметтерді растауға уәкілетті елдің заңнамасында көрсетілген мәліметтер сұратылатын адамдарға растайтын құжаттарды беру көзделмесе, онда тиісті растау кандидат соңғы 10 жыл бойы тұрақты тұрған азаматтығы бар елдің (шетелдіктер үшін) немесе тұрақты тұратын елдің (азаматтығы жоқ адамдар үшін) мемлекеттік органының хатымен уәкілетті органның атына жіберіледі.
  7. Көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкерлерінің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын бөлімшелердің қызметкерлерінің тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) көрсетілген өтініш берушінің штат кестесі.
  8. Барлық жоспарланып отырған банк операцияларын ескере отырып алдағы үш жылға арналған даму стратегиясының көшірмесі, оған өтініш берушінің ұйымдық құрылымы, өтініш берушінің өтініш берілетін қаржы жылындағы бюджеті туралы ақпарат, оның ішінде өтініш берушінің 3 қаржы (операциялық) жылына арналған пруденциялық нормативтерді орындауы туралы болжамды деректер есебі енгізіледі.
  9. Ең аз мөлшерін уәкілетті орган «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-3-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына және «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік реттеу туралы заң) 5-бабына сәйкес белгілеген жарғылық капиталдың төленгенін растайтын құжаттардың көшірмелері.
  1. Лицензияның телнұсқасын беру қажеттілігі негізделе отырып, еркін нысанда жазылған өтініш (тұлғаның өтініш беруге өкілеттігін растайтын құжаттарды және оған қоса берілетін құжаттарды және мәліметтерді қоса бере отырып).
  2. «Цифрлық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензияның телнұсқасын бергені үшін лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі.
  1. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға арналған лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш (тұлғаның өтініш беруге өкілеттігін растайтын құжаттарды және оған қоса берілетін құжаттар мен мәліметтерді қоса бере отырып).
  2. Лицензияның түпнұсқасы (егер бұрын берілген лицензия қағаз түрінде ресімделген болса).
  3. «Цифрлық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензияны қайта ресімдегені үшін лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі.
  4. Мемлекеттік цифрлық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеуге негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың көшірмелері.
Результат оказания услуги

Лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу, лицензияны қоса бере отырып, лицензияның телнұсқасын беру туралы хабарлама не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту туралы дәлелді жауап.

Часто задаваемые вопросы
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін қандай негіздер болуы мүмкін?
1) заңды тұлғалардың осы санаты үшін Қазақстан Республикасының заңдарында қызмет түрімен айналысуға тыйым салу;
2) лицензиардың лицензиялау кезінде қойылатын талаптарға өтініш берушінің сәйкес келмеуі туралы тиісті келісуші мемлекеттік органнан жауап алуы;
3) өтініш берушіге қатысты лицензиялануға тиіс қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
4) сот орындаушысының ұсынымы негізінде соттың өтініш беруші-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салуы;
5) өтініш беруші лицензия алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) ондағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігінің белгіленуі;
6) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алуға байланысты арнайы құқықтан айырылған заңды күшіне енген сот шешімінің болуы;
7) «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын келісімінің болмауы;
8) көрсетілетін қызметті алушының Біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;
9) көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті орган белгілеген мерзімде уәкілетті органның ескертулерін жоймауы немесе көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті органның ескертулерін ескере отырып пысықталған құжаттарды уәкілетті орган белгілеген мерзім өткеннен кейін ұсынуы;
10) өтініш берушінің даму стратегиясының және (немесе) өзге де ұсынылған құжаттардың уәкілетті органның тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптарына сәйкес келмеуі және (немесе) мыналарды:
алғашқы үш қаржылық (операциялық) жыл өткеннен кейін өтініш берушінің қызметі рентабельді болатынын;
11) өтініш берушінің өзінің даму стратегиясына сәйкес келетін ұйымдық құрылымының бар екенін растайтын мәліметтерді ұсынбауы;
10) өтініш берушінің банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға құқығы бар адамдардың тізбесіне сәйкес келмеуі;
12) өтініш беруші Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін лицензиялық алымды енгізбеуі жағдайларында жүзеге асырылады.
Әкімшілік рәсімді қозғау үшін негіздер
  • өтініш;
  • әкімшілік органның, лауазымды адамның бастамасы.

Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады

Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:

  • жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде), пошталық мекенжайы не заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде);
  • өтініш берілетін әкімшілік органның, лауазымды адамның атауы;
  • өтініштің мәні;
  • өтініштің берілген күні;
  • өтініш иесінің немесе оның өкілінің қолы;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәліметтер көрсетіледі.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.

! Өтінішті қабылдаудан бас тартуға тыйым салынады.

  1. Өтініш кодекстің 63-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, әкімшілік орган, лауазымды адам өтініш берушіге өтініштің қандай талаптарға сәйкес келмейтінін көрсетеді, оны талаптарға сәйкес келтіру үшін орынды мерзім белгілейді.
  2. Өтініш беруші әкімшілік іс бойынша шешім қабылданғанға дейін өзінің жазбаша өтініші негізінде өтінішті кері қайтарып ала алады.

Өтінішті уәкілетті әкімшілік органға, лауазымды адамға қайта жіберу

Осы өтінішті қарау өкілеттігіне кірмейтін әкімшілік органға, лауазымды адамға келіп түскен өтініш келіп түскен күннен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде әкімшілік рәсімге қатысушыны бір мезгілде хабардар ете отырып, уәкілетті әкімшілік органға, лауазымды адамға қайта жіберіледі.

  1. Әкімшілік рәсімнің мерзімі өтініш келіп түскен күннен бастап 15 жұмыс күнін құрайды.

! Заңдарда өтініштерді қараудың өзге мерзімдері белгіленуі мүмкін (Мысалы, "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Заңға сәйкес жазбаша сұрау салуға жауап ақпарат иесіне келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде беріледі).

  1. Әкімшілік рәсімнің мерзімі әкімшілік орган басшысының дәлелді шешімімен 2 айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін, бұл туралы Әкімшілік рәсімге қатысушыға мерзім ұзартылған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде хабарланады.

Әкімшілік рәсімге қатысушы әкімшілік актіні қабылдауға байланысты әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) шағымдануға құқылы.

Егер әкімшілік орган, лауазымды адам мерзімінде әкімшілік актіні қабылдамаса, әкімшілік әрекетті жасамаса, онда мерзімдер өткен күннен бастап әкімшілік орган, лауазымды адам әкімшілік актіні қабылдаудан, әкімшілік әрекетті жасаудан бас тартты деп есептеледі.

Шағым әкімшілік органға, әкімшілік актісі, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адамға беріледі.

Сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін жол беріледі. Егер заңда жоғары тұрған органға шағымдану қажеттілігінсіз сотқа жүгіну мүмкіндігі көзделген жағдайда, әкімшілік орган, әкімшілік әрекеті (әрекетсіздігі) дауланатын лауазымды адам, әкімшілік акті сотқа кері қайтарып алумен қатар жоғары тұрған әкімшілік орган басшысының, лауазымды адамның уәжді ұстанымын ұсынады.

! ӘРПК шағымдану тәртібін әрдайым реттей бермейді, салалық заңдарда шешімге сотқа дейінгі шағымсыз дереу сот тәртібімен шағымдануды көрсететін нормалар болуы мүмкін.

  1. Әкімшілік актіге, әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) шағым әкімшілік органға, лауазымды адамға әкімшілік рәсімге қатысушыға әкімшілік актінің қабылданғаны немесе әкімшілік әрекеттің (әрекетсіздіктің) жасалғаны туралы белгілі болған күннен бастап 3 айдан кешіктірілмей беріледі.
  2. Дәлелді себеппен өткізіп алған жағдайда, әкімшілік рәсімге қатысушының өтінішхаты бойынша мерзімді шағымды қарайтын орган қалпына келтіре алады.
  3. Шағымдану үшін өткізіп алған мерзім шағымды қарайтын органның шағымды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылмайды.

! Өзге заңдарда шешімдерге шағымданудың ерекше тәртібі мен мерзімдері белгіленуі мүмкін.

Шағымды қарау мерзімі шағым түскен күннен бастап 5 жұмыс күнін құрайды.

! Өзге заңдарда шешімдерге шағымданудың өзге мерзімі белгіленуі мүмкін.

 

 

Дереккөз: ҚР ӘРПК,
ҚР "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңы

Заказать онлайн
Полное название
Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға лицензия беру
Получатели услуги
Заңды тұлғалар
Заңды тұлғалар
Стоимость услуги

Рұқсат - 400 АЕК

Қайта рәсімдеу - Лицензиялық алымнан 10%

Көшірмесі - Лицензиялық алымнан 10%

Срок оказания услуги
Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға лицензия беру кезінде - 30 жұмыс күні ішінде
Лицензияны қайта ресімдеу кезінде-15 жұмыс күні ішінде
Лицензияның телнұсқаларын беру кезінде-2 жұмыс күні ішінде
Услугу оказывает
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі
Место предоставления услуги
«Электрондық лицензиялау» порталы
«Цифрлық үкімет» порталы
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

Мемлекеттік қызмет көрсету ережесі

Социальные медиа
Telegram
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы