gov.kz
Меню

Банктерге, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарына банк операцияларын және өзге де операцияларды жүзеге асыруға арналған лицензияны (базалық, әмбебап) беру

Как получить услугу
Онлайн
Заңды тұлғалар

Cіз қызметті портал арқылы ала аласыз:

1. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, содан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.

2. "Электрондық лицензиялау" порталында авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз.

3. "Онлайн сұратым" батырмасын басқаннан кейін ашылған "электрондық лицензиялау" порталының бетінде Өтініш беру" сілтемесін басып өтіңіз.

4. Өтінішті толтырып ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.

5. Берілген өтініштің мәртебесін "Менің өтініштерім" бөлімінде қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат беру құжаттарым" бөлімінен, хабарламаны алу туралы "Менің хабарламаларым" бөлімінен біле аласыз.

Қызмет беруші
Заңды тұлғалар

Көрсетілетін қызметті берушіге ұсыну үшін қажетті құжаттар:

  1. Әмбебап банк лицензиясын немесе базалық банк лицензиясын алуға өтініш (тұлғаның өтініш беруге өкілеттігін растайтын құжаттардың көшірмелерін және оған қоса беретін құжаттар мен мәліметтерді қоса бере отырып).
  2. Көрсетілетін қызметті алушы жарғысының нотариат куәландырған көшірмесі.
  3. «Цифрлық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы көрсетілген алымды төлеу жағдайларын қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат.
  4. Банктер туралы заңның 45-бабында және Мемлекеттік реттеу туралы заңның 9-4-бабында белгіленген талаптарға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкерлері лауазымына ұсынылатын тұлғаларды келісу үшін көзделген құжаттар.
  5. Уәкілетті органның тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қоятын талаптарына сәйкес келетін көрсетілетін қызметті алушының алдағы үш жылға арналған даму стратегиясының көшірмесі.

    Көрсетілетін қызметті алушының даму стратегиясына көрсетілетін қызметті алушының ұйымдық құрылымы, көрсетілетін қызметті алушының өтініш берілетін қаржы жылындағы бюджеті туралы ақпарат, оның ішінде көрсетілетін қызметті алушының пруденциялық нормативтерді орындауы туралы болжамды деректер, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының бас ұйымының банк холдингі мәртебесін иеленуі банк конгломератын құруға алып келетін жағдайда, құрамына көрсетілетін қызметті алушы кіретін банк конгломераты пруденциялық нормативтерінің болжамды есебі енгізіледі.
  6. Қызметкерлердің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса) көрсетілген көрсетілетін қызметті алушының штат кестесі;
  7. Ең төмен мөлшері Банктер туралы заңның 8-бабының 2-тармағына сәйкес белгіленген банктің жарғылық капиталының төленгенін растайтын құжаттардың көшірмелері.
  1. Тұлғаның өтініш беруге өкілеттігін растайтын құжаттардың және оған қоса берілетін құжаттар мен мәліметтердің көшірмелерін қоса бере отырып, әмбебап банк лицензиясын алуға өтініш (Қазақстан Республикасының бейрезиденті банк филиалы үшін).
  2. Осы тармақтың екінші бөлігінің 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген құжаттар.
  3. Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің басқару органы бекіткен филиал туралы ереженің нотариат куәландырған көшірмесі.
  4. Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің Қазақстан Республикасының аумағында оның филиалының қызметін жүзеге асыру процесінде туындайтын міндеттемелер бойынша жауапкершілікті қабылдау туралы және осындай міндеттемелерді Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің балансында есепке алу туралы жазбаша міндеттемесі (растауы).
  5. Рұқсат етілген операциялар түрлерінің тізбесін көрсете отырып, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің қолданыстағы лицензиясының (қолданыстағы рұқсаттың) көшірмесі.

Көрсетілген лицензия (рұқсат), егер осы Заңның 16-бабының 1-тармағында көзделген Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалын ашуға рұқсат беру туралы өтініш берілгеннен кейін Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі жүзеге асыруға құқылы операциялар түрлерінің тізбесі өзгертілген не Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі жаңа лицензия (жаңа рұқсат) алған жағдайда ұсынылады.

  1. Операциялардың қосымша түрлерін жүзеге асыруға банк лицензиясын алуға өтініш (тұлғаның өтініш беруге өкілеттігін растайтын құжаттардың және оған қоса берілетін құжаттар мен мәліметтердің көшірмелерін қоса бере отырып).
  2. Банктер туралы заңның 88-бабында көзделген қаржылық орнықтылықты қалпына келтірудің жаңартылған жоспарының көшірмесі.
  3. «Цифрлық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы көрсетілген алымды төлеу жағдайларын қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат.
  1. Көрсетілетін қызметті алушының бірінші басшысы не өтініш беруге уәкілетті тұлға қол қойған еркін нысандағы өтініш (тұлғаның өтініш беруге өкілеттігін растайтын құжаттардың және оған қоса берілетін құжаттар мен мәліметтердің көшірмелерін қоса бере отырып).
  2. «Цифрлық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы көрсетілген алымды төлеу жағдайларын қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат.
  1. Әмбебап банк лицензиясын, базалық банк лицензиясын қайта ресімдеу туралы өтініш (тұлғаның өтініш беруге өкілеттігін растайтын құжаттардың және оған қоса берілетін құжаттар мен мәліметтердің көшірмелерін қоса бере отырып).
  2. Лицензияланатын қызмет түрінен бір немесе одан да көп банк операцияларын және (немесе) өзге де операциялар алып тасталған жағдайда банк лицензиясының түпнұсқасы (егер бұрын берілген банк лицензиясы қағаз нысанда ресімделген болса).
  3. «Цифрлық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, банк лицензиясын қайта ресімдеу кезінде жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі.
  4. Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, банк лицензиясын қайта ресімдеуге негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың көшірмелері.
  1. Базалық банк лицензиясын әмбебап банк лицензиясына қайта ресімдеу туралы өтініш (тұлғаның өтініш беруге өкілеттігін растайтын құжаттардың және оған қоса берілетін құжаттар мен мәліметтердің көшірмелерін қоса бере отырып).
  2. Банк лицензиясының түпнұсқасы (егер бұрын берілген банк лицензиясы қағаз нысанда ресімделген болса).
  3. «Цифрлық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, банк лицензиясын қайта ресімдеу кезінде жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі.
Результат оказания услуги

Банк лицензиясын беру, банк лицензиясын қайта ресімдеу, банк лицензиясын қоса бере отырып, банк лицензиясының телнұсқасын беру туралы хабарлама не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.

Часто задаваемые вопросы
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін қандай негіздер болуы мүмкін?
1) көрсетілетін қызметті алушының Банктер туралы заңның 19-бабында және 112-бабының 5-тармағында белгіленген талаптардың кез келгенін сақтамауы;
2) банк құрамына кіретін банк конгломератының өтініш бергенге дейінгі алты ай кезеңде пруденциялық нормативтер мен лимиттерді сақтамауы;
3) Банктер туралы заңның 72-бабының 4-тармағында белгіленген резерв ретінде қабылданатын Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының активтерін қалыптастыру бойынша талапты орындамау;
4) Банктің жарғылық капиталының Банктер туралы заңның 8-бабының талаптарына сәйкес келмеуі;
5) Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінде резиденті Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыруды жоспарлап отырған операциялардың түрлеріне ұқсас банк қызметін жүзеге асыруға қолданыстағы лицензияның (қолданыстағы рұқсаттың) болмауы;
6) көрсетілетін қызметті алушыға Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалын ашуға бұрын берілген рұқсаттың күшін жою;
7) көрсетілетін қызметті алушының даму стратегиясының және (немесе) өзге де ұсынылған құжаттардың уәкілетті органның тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптарына сәйкес келмеуі және (немесе):
алғашқы үш қаржылық (операциялық) жыл өткеннен кейін көрсетілетін қызмет алушының қызметі рентабельді болатыны;
құрамына көрсетілетін қызметті алушы кіретін көрсетілетін қызметті алушы және (немесе) банк конгломераты пруденциялық нормативтер мен лимиттерді орындайтын болады;
көрсетілетін қызметті алушыда оның даму стратегиясына сәйкес ұйымдық құрылымы бар;
8) тағайындауға (сайлауға) ұсынылатын кандидаттар санынан көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкерінің келісілмеуі (банк лицензиясын алғаш рет алуға өтініш білдірген көрсетілетін қызметті алушы үшін);
9) Банктер туралы заңның 45-бабы 4-тармағының екінші бөлігінде белгіленген Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының басшы қызметкерлерінің қатарында Қазақстан Республикасының резиденттері – екі басшы қызметкерден кем болмауы жөніндегі талапты сақтамау;
10) көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) мәліметтердің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі;
11) банк лицензиясын алу үшін ұсынылған құжаттардағы және (немесе) мәліметтердегі деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі;
12) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты лицензиялауға жататын қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) бар;
13) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты көрсетілетін қызметті алушы оның негізінде мемлекеттік қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылатын заңды күшіне енген сот шешімінің болуы;
14) көрсетілетін қызметті алушының «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын келісімінің болмауы.
Әкімшілік рәсімді қозғау үшін негіздер
  • өтініш;
  • әкімшілік органның, лауазымды адамның бастамасы.

Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады

Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:

  • жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде), пошталық мекенжайы не заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде);
  • өтініш берілетін әкімшілік органның, лауазымды адамның атауы;
  • өтініштің мәні;
  • өтініштің берілген күні;
  • өтініш иесінің немесе оның өкілінің қолы;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәліметтер көрсетіледі.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.

! Өтінішті қабылдаудан бас тартуға тыйым салынады.

  1. Өтініш кодекстің 63-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, әкімшілік орган, лауазымды адам өтініш берушіге өтініштің қандай талаптарға сәйкес келмейтінін көрсетеді, оны талаптарға сәйкес келтіру үшін орынды мерзім белгілейді.
  2. Өтініш беруші әкімшілік іс бойынша шешім қабылданғанға дейін өзінің жазбаша өтініші негізінде өтінішті кері қайтарып ала алады.

Өтінішті уәкілетті әкімшілік органға, лауазымды адамға қайта жіберу

Осы өтінішті қарау өкілеттігіне кірмейтін әкімшілік органға, лауазымды адамға келіп түскен өтініш келіп түскен күннен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде әкімшілік рәсімге қатысушыны бір мезгілде хабардар ете отырып, уәкілетті әкімшілік органға, лауазымды адамға қайта жіберіледі.

  1. Әкімшілік рәсімнің мерзімі өтініш келіп түскен күннен бастап 15 жұмыс күнін құрайды.

! Заңдарда өтініштерді қараудың өзге мерзімдері белгіленуі мүмкін (Мысалы, "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Заңға сәйкес жазбаша сұрау салуға жауап ақпарат иесіне келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде беріледі).

  1. Әкімшілік рәсімнің мерзімі әкімшілік орган басшысының дәлелді шешімімен 2 айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін, бұл туралы Әкімшілік рәсімге қатысушыға мерзім ұзартылған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде хабарланады.

Әкімшілік рәсімге қатысушы әкімшілік актіні қабылдауға байланысты әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) шағымдануға құқылы.

Егер әкімшілік орган, лауазымды адам мерзімінде әкімшілік актіні қабылдамаса, әкімшілік әрекетті жасамаса, онда мерзімдер өткен күннен бастап әкімшілік орган, лауазымды адам әкімшілік актіні қабылдаудан, әкімшілік әрекетті жасаудан бас тартты деп есептеледі.

Шағым әкімшілік органға, әкімшілік актісі, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адамға беріледі.

Сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін жол беріледі. Егер заңда жоғары тұрған органға шағымдану қажеттілігінсіз сотқа жүгіну мүмкіндігі көзделген жағдайда, әкімшілік орган, әкімшілік әрекеті (әрекетсіздігі) дауланатын лауазымды адам, әкімшілік акті сотқа кері қайтарып алумен қатар жоғары тұрған әкімшілік орган басшысының, лауазымды адамның уәжді ұстанымын ұсынады.

! ӘРПК шағымдану тәртібін әрдайым реттей бермейді, салалық заңдарда шешімге сотқа дейінгі шағымсыз дереу сот тәртібімен шағымдануды көрсететін нормалар болуы мүмкін.

  1. Әкімшілік актіге, әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) шағым әкімшілік органға, лауазымды адамға әкімшілік рәсімге қатысушыға әкімшілік актінің қабылданғаны немесе әкімшілік әрекеттің (әрекетсіздіктің) жасалғаны туралы белгілі болған күннен бастап 3 айдан кешіктірілмей беріледі.
  2. Дәлелді себеппен өткізіп алған жағдайда, әкімшілік рәсімге қатысушының өтінішхаты бойынша мерзімді шағымды қарайтын орган қалпына келтіре алады.
  3. Шағымдану үшін өткізіп алған мерзім шағымды қарайтын органның шағымды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылмайды.

! Өзге заңдарда шешімдерге шағымданудың ерекше тәртібі мен мерзімдері белгіленуі мүмкін.

Шағымды қарау мерзімі шағым түскен күннен бастап 5 жұмыс күнін құрайды.

! Өзге заңдарда шешімдерге шағымданудың өзге мерзімі белгіленуі мүмкін.

 

 

Дереккөз: ҚР ӘРПК,
ҚР "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңы

Заказать онлайн
Полное название
Банктерге, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарына банк операцияларын және өзге де операцияларды жүзеге асыруға арналған лицензияны (базалық, әмбебап) беру
Получатели услуги
Заңды тұлғалар
Заңды тұлғалар
Стоимость услуги

Лицензия - 800 АЕК

Қайта рәсімдеу - Лицензиялық алымнан 10%

Көшірмесі - Лицензиялық алымнан 10%

Срок оказания услуги
1. Банк лицензиясын беру кезінде – 30 жұмыс күні ішінде.
Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыру шеңберінде – 10 жұмыс күні ішінде.
 
2.  Банк лицензиясын қайта ресімдеген кезде, оның ішінде базалық банк лицензиясын әмбебап банк лицензиясына қайта ресімдеген кезде:
- 15 жұмыс күні ішінде;
- базалық банк лицензиясын әмбебап банк лицензиясына қайта ресімдеу кезінде өтініш берушінің Операциялардың қосымша түрлерін жүргізуге арналған банк лицензиясын алуы бір мезгілде қажет болған кезде – 30 жұмыс күнінен кешіктірмей;
Көрсетілетін қызметті алушы бөліну немесе бөлініп шығу нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда лицензияны қайта ресімдеу кезінде - 30 жұмыс күнінен кешіктірмей;
 
3. банк лицензиясының телнұсқасын беру кезінде – 2 жұмыс күні ішінде.
Услугу оказывает
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі
Место предоставления услуги
«Электрондық лицензиялау» порталы
«Цифрлық үкімет» порталы
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

Мемлекеттік қызмет көрсету ережесі

Социальные медиа
Telegram
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы