
Cіз мына қызметті портал арқылы ала аласыз:
1. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, содан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
2. "Электрондық лицензиялау" порталында авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз.
3. "Онлайн сұратым" батырмасын басқаннан кейін ашылған "электрондық лицензиялау" порталының бетінде Өтініш беру" сілтемесін басып өтіңіз.
4. Өтінішті толтырып ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
5. Берілген өтініштің мәртебесін "Менің өтініштерім" бөлімінде қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат беру құжаттарым" бөлімінен, хабарламаны алу туралы "Менің хабарламаларым" бөлімінен біле аласыз.
Cіз мына қызметті портал арқылы ала аласыз:
1. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, содан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
2. "Электрондық лицензиялау" порталында авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз.
3. "Онлайн сұратым" батырмасын басқаннан кейін ашылған "электрондық лицензиялау" порталының бетінде Өтініш беру" сілтемесін басып өтіңіз.
4. Өтінішті толтырып ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
5. Берілген өтініштің мәртебесін "Менің өтініштерім" бөлімінде қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат беру құжаттарым" бөлімінен, хабарламаны алу туралы "Менің хабарламаларым" бөлімінен біле аласыз.
Пестицидтерді өндіруге (формуляциялауға), пестицидтерді өткізуге, пестицидтерді аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдануға арналған қызметті жүзеге асыруға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту.
1) жеке және заңды тұлғалар осы санаты үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында қызмет түрiмен айналысуға тыйым салынуы;
2) лицензиялық алымды енгізілмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушының бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмеуі;
4) көрсетілетін қызметті беруші тиісті келісім беретін мемлекеттік органнан көрсетілетін қызметті алушы лицензия беру кезінде қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі туралы жауапты алуы;
5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты пестицидтерді өндіру (формуляциялау), пестицидтерді өткізу, пестицидтерді аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдануға тыйым салатын заңды күшiне енген сот шешімінің (үкiмiнiң) бар болуы;
6) сот орындаушысы ұсынымының негiзiнде соттың көрсетілетін қызметті алушыға борышкерге лицензияны беруге уақытша тыйым салуы;
7) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
8) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын келесімнің болмауы.
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін құжаттарды ұсынбау немесе тиісінше ресімдемеу негіз болып табылады.
Заңды тұлға-лицензиат бөлініп шығу және бөліну нысандарында қайта ұйымдастырылған жағдайда мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болып табылады:
1) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін қажетті құжаттарды ұсынбауы немесе тиісінше ресімдемеуі;
2) көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;
3) егер бұрын лицензия және (немесе) лицензияға қосымша заңды тұлғалар-лицензиаттардың бөліну нәтижесінде жаңадан пайда болған қатарынан басқа заңды тұлғаға қайта ресімделсе.
Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады
Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:
Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.
Дереккөз: ҚР ӘРПК,
ҚР "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңы
Лицензия алу үшін - 10 АЕК
Лицензияны қайта рәсімдеу үшін - лицензияны берген кезде ставканың 10%
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру үшін, оның ішінде заңды тұлға-лицензиатты бөлініп шығу және бөлу нысандарында қайта ұйымдастырған жағдайда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде – 11 жұмыс күні
Заңды тұлға-лицензиатты бөлініп шығу және бөлу нысандарында қайта ұйымдастырған жағдайда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуді қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін – 3 жұмыс күні