
Cіз қызметті портал арқылы ала аласыз:
Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатын беру, авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатына өзгерістер енгізу немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады
Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:
Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.
Дереккөз: ҚР ӘРПК,
ҚР "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңы
Мөлшерлемеге сәйкес
1. Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатын беру мерзімі - 22 жұмыс күні.
Авиациялық инспекторлардың қосымша зерделеу немесе тексеру жүргізу жағдайларында қарау мерзімі 22 жұмыс күніне дейін ұзартылуы мүмкін, бұл туралы қарау мерзімін ұзарту туралы шешім қабылданған сәттен бастап 3 жұмыс күні ішінде өтініш берушіге хабарланады.
2. Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу мерзімі:
1) ұйымның атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны немесе заңды және нақты мекенжайы өзгерген жағдайда - 5 жұмыс күні;
2) сертификаттың қолданылу саласы кеңейген жағдайда - 22 жұмыс күні.