gov.kz
Меню

Пестицидтерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), пестицидтерді уақытша тіркеу, төмен қаупі бар биологиялық препаратты тіркеу

Как получить услугу
Онлайн
Жеке тұлғалар

Cіз мына қызметті портал арқылы ала аласыз:

1. "Онлайн тапсырыс беру" батырмасын басу арқылы өтіңіз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады;

2. "Электрондық лицензиялау" порталында авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз;

3. "Электрондық лицензиялау" порталының бетінде "Онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз;

4. Электрондық сұрау салу өрісін толтырыңыз;

5. Өтінімге электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) қол қойыңыз;

6. Берілген өтініштің мәртебесін Жеке кабинетте "Менің өтініштерім" бөлімінде қадағалауға болады. "Менің рұқсат беру құжаттарым" бөлімінде рұқсат алу туралы мәртебе. "Менің хабарламаларым" бөлімінде хабарламаны алу туралы мәртебе.

Онлайн
Заңды тұлғалар

Cіз мына қызметті портал арқылы ала аласыз:

1. "Онлайн тапсырыс беру" батырмасын басу арқылы өтіңіз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады;

2. "Электрондық лицензиялау" порталында авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз;

3. "Электрондық лицензиялау" порталының бетінде "Онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз;

4. Электрондық сұрау салу өрісін толтырыңыз;

5. Өтінімге электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) қол қойыңыз;

6. Берілген өтініштің мәртебесін Жеке кабинетте "Менің өтініштерім" бөлімінде қадағалауға болады. "Менің рұқсат беру құжаттарым" бөлімінде рұқсат алу туралы мәртебе. "Менің хабарламаларым" бөлімінде хабарламаны алу туралы мәртебе.

Результат оказания услуги
Часто задаваемые вопросы
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) пестицидті мемлекеттік тіркеуді келісу туралы сұранымға уәкілетті мемлекеттік органдардың теріс жауабы;
2) Тіркеуші (өтініш беруші) мемлекеттік қызметті алу үшін осы мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің анықталуы;
3) тіркеушінің (өтініш берушінің) және (немесе) өзі ұсынған мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті материалдардың, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
4) пестицидтерді мемлекеттік тіркеуге ұсынылған пестицидтерді өндірудің (формуляциялаудың) химиялық құрамының, рецептурасының және технологиясының, ұсақ үлгілік және өндірістік сынақтарды жүргізу үшін мәлімделген пестицидтерді өндірудің (формуляциялаудың) химиялық құрамының, рецептурасының және технологиясының сәйкес келмеуі;
5) патент иелерінің пестицидтерге қатысты өнертабыстарға құқықтарын бұзу;
6) тіркеушіге (өтініш берушіге) пестицидтерді өндіру (формуляциялау), пестицидтерді өткізу, пестицидтерді аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызмет түрімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
7) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын келесімнің болмауы.
Ұсақмөлдекті және өндірістік сынақтар және (немесе) ғылыми зерттеулер жүргізуге арналған пестицидтердің тіркелмеген үлгілерін әкелуге уәжді бас тарту үшін ұсақмөлдекті және өндірістік сынақтар жүргізу жоспарларында тіркелмеген пестицидтердің болмауы, ғылыми зерттеулер жүргізуге арналған шарттың болмауы негіз болып табылады.

Әкімшілік рәсімді қозғау үшін негіздер
  • өтініш;
  • әкімшілік органның, лауазымды адамның бастамасы.

Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады

Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:

  • жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде), пошталық мекенжайы не заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде);
  • өтініш берілетін әкімшілік органның, лауазымды адамның атауы;
  • өтініштің мәні;
  • өтініштің берілген күні;
  • өтініш иесінің немесе оның өкілінің қолы;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәліметтер көрсетіледі.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.

! Өтінішті қабылдаудан бас тартуға тыйым салынады.

  1. Өтініш кодекстің 63-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, әкімшілік орган, лауазымды адам өтініш берушіге өтініштің қандай талаптарға сәйкес келмейтінін көрсетеді, оны талаптарға сәйкес келтіру үшін орынды мерзім белгілейді.
  2. Өтініш беруші әкімшілік іс бойынша шешім қабылданғанға дейін өзінің жазбаша өтініші негізінде өтінішті кері қайтарып ала алады.

Өтінішті уәкілетті әкімшілік органға, лауазымды адамға қайта жіберу

Осы өтінішті қарау өкілеттігіне кірмейтін әкімшілік органға, лауазымды адамға келіп түскен өтініш келіп түскен күннен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде әкімшілік рәсімге қатысушыны бір мезгілде хабардар ете отырып, уәкілетті әкімшілік органға, лауазымды адамға қайта жіберіледі.

  1. Әкімшілік рәсімнің мерзімі өтініш келіп түскен күннен бастап 15 жұмыс күнін құрайды.

! Заңдарда өтініштерді қараудың өзге мерзімдері белгіленуі мүмкін (Мысалы, "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Заңға сәйкес жазбаша сұрау салуға жауап ақпарат иесіне келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде беріледі).

  1. Әкімшілік рәсімнің мерзімі әкімшілік орган басшысының дәлелді шешімімен 2 айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін, бұл туралы Әкімшілік рәсімге қатысушыға мерзім ұзартылған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде хабарланады.

Әкімшілік рәсімге қатысушы әкімшілік актіні қабылдауға байланысты әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) шағымдануға құқылы.

Егер әкімшілік орган, лауазымды адам мерзімінде әкімшілік актіні қабылдамаса, әкімшілік әрекетті жасамаса, онда мерзімдер өткен күннен бастап әкімшілік орган, лауазымды адам әкімшілік актіні қабылдаудан, әкімшілік әрекетті жасаудан бас тартты деп есептеледі.

Шағым әкімшілік органға, әкімшілік актісі, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адамға беріледі.

Сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін жол беріледі. Егер заңда жоғары тұрған органға шағымдану қажеттілігінсіз сотқа жүгіну мүмкіндігі көзделген жағдайда, әкімшілік орган, әкімшілік әрекеті (әрекетсіздігі) дауланатын лауазымды адам, әкімшілік акті сотқа кері қайтарып алумен қатар жоғары тұрған әкімшілік орган басшысының, лауазымды адамның уәжді ұстанымын ұсынады.

! ӘРПК шағымдану тәртібін әрдайым реттей бермейді, салалық заңдарда шешімге сотқа дейінгі шағымсыз дереу сот тәртібімен шағымдануды көрсететін нормалар болуы мүмкін.

  1. Әкімшілік актіге, әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) шағым әкімшілік органға, лауазымды адамға әкімшілік рәсімге қатысушыға әкімшілік актінің қабылданғаны немесе әкімшілік әрекеттің (әрекетсіздіктің) жасалғаны туралы белгілі болған күннен бастап 3 айдан кешіктірілмей беріледі.
  2. Дәлелді себеппен өткізіп алған жағдайда, әкімшілік рәсімге қатысушының өтінішхаты бойынша мерзімді шағымды қарайтын орган қалпына келтіре алады.
  3. Шағымдану үшін өткізіп алған мерзім шағымды қарайтын органның шағымды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылмайды.

! Өзге заңдарда шешімдерге шағымданудың ерекше тәртібі мен мерзімдері белгіленуі мүмкін.

Шағымды қарау мерзімі шағым түскен күннен бастап 5 жұмыс күнін құрайды.

! Өзге заңдарда шешімдерге шағымданудың өзге мерзімі белгіленуі мүмкін.

 

 

Дереккөз: ҚР ӘРПК,
ҚР "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңы

Заказать онлайн
Полное название
Пестицидтерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), пестицидтерді уақытша тіркеу, төмен қаупі бар биологиялық препаратты тіркеу
Получатели услуги
Жеке тұлғалар
Заңды тұлғалар
Стоимость услуги

Тегін

Срок оказания услуги

Ұсақмөлдекті сынақтар өткізу жоспарына енгізу үшін өтінімді қабылдау туралы хабарлама беру кезінде – 15 жұмыс күні

Өндірістік сынақтар өткізу жоспарына енгізу үшін өтінімді қабылдау туралы хабарлама беру кезінде – 18 жұмыс күні

Пестицидке тіркеу куәлігін беру кезінде – 18 жұмыс күні

Тіркелген пестицидті пайдалану (қолдану) аясын кеңейту кезінде – 18 жұмыс күні

Пестицидтерді уақытша тіркеу кезінде – 18 жұмыс күні

Рецептурасы мен оны өндіру технологиясын сақтай отырып, тіркелген пестицидті өндірушіні ауыстырған немесе қосқан кезде – 30 жұмыс күні

Пестицидті қайта тіркеу кезінде – 18 жұмыс күні

Тіркелуші (өтініш беруші) ауысқан кезде – 30 жұмыс күні

Тіркелушінің (өтініш берушінің) атауы өзгерген кезде – 30 жұмыс күні

Услугу оказывает
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Место предоставления услуги
«Электрондық лицензиялау» порталы
«Цифрлық үкімет» порталы

Мемлекеттік қызмет көрсету ережесі

Социальные медиа
Telegram
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы