
Cіз қызметті портал арқылы ала аласыз:
Cіз қызметті портал арқылы ала аласыз:
Авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәлік және пайдалану ерекшеліктерін беру.
Пайдаланушының атауы, заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысаны, заңды мекенжайы, ведомстволық бағыныстылығы өзгерген жағдайда куәлік және/немесе тиісті пайдалану ерекшеліктерін беру.
Эксплуатациядағылармен бірдей типтегі әуе кемелерін енгізген жағдайда пайдалану ерекшеліктерінің А және В бөліктерінберу.
басқа типтегі әуе кемелерін енгізген жағдайда пайдалану ерекшеліктерінің А және В бөліктерін беру.
Авиациялық жұмыстарды енгізген жағдайда пайдалану ерекшеліктерінің В бөлігін беру.
Әуе кемелерін және/немесе авиациялық жұмыстарды алып тастауған жағдайда пайдалану ерекшеліктерінің А және/немесе В бөліктерін беру.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
1) өтініш берушінің және (немесе) ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті мәліметтердің Заңның 16-бабының 7-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмеуі;
2) өтініш берушіге қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы сот шешімінің (үкімінің) заңды күшіне енуі.
3) пайдаланушының авиациялық жұмыстарға рұқсатын алу үшін өтініш беруші ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
4) өтініш берушіге қатысты оған осы қызмет түрін көрсетуге тыйым салатын сот шешімі болған жағдайларда тоқтатылады;
5) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.
Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады
Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:
Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.
Дереккөз: ҚР ӘРПК,
ҚР "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңы
Мемлекеттік қызмет ақылы