
Cіз қызметті портал арқылы ала аласыз:
1) азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығының сертификаты не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап;
2) азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығы сертификатының қолданылу саласын кеңейту не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап;
3) нұсқаушы және емтихан алушының авиациялық оқу персоналын келісу туралы хабарлама не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап;
4) персоналды даярлау және рәсімдер жөніндегі басшылықты келісу туралы хабарлама не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап;
5) кәсіптік даярлық бағдарламасын келісу туралы хабарлама не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап;
6) қолданыстағы авиациялық оқу орталығы сертификатының қолданылу аясын өзгертпейтін азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығының сертификатына өзгерістер енгізу не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін келісу туралы сұрау салуға уәкілетті мемлекеттік органның теріс жауабы, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) бар;
5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімі бар, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылады;
6) «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын келісімінің болмауы.
Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады
Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:
Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.
Дереккөз: ҚР ӘРПК,
ҚР "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңы
Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі
Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығына сертификат беру – 27 жұмыс күні
Авиациялық оқу орталығы сертификатының қолданылу саласын кеңейту – 27 жұмыс күні
Авиациялық оқу орталығының нұсқаушы және емтихан алушы персоналын келісу – 10 жұмыс күні
Персоналды даярлау және рәсімдер жөніндегі басшылықты келісу – 60 (алпыс) жұмыс күні.
Кәсіптік даярлау бағдарламасын келісу - 60 (алпыс) жұмыс күні.
Қолданыстағы авиациялық оқу орталығының сертификатының қолданылу аясын өзгертпейтін Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығының сертификатына өзгерістер енгізу – 10 (он) жұмыс күні.