gov.kz
Меню

Жерүсті су объектілері жоқ, бірақ ауызсу сапасындағы жерасты суларының жеткілікті қоры бар аумақтарда ауызсумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысты емес мақсаттар үшін ауызсу сапасындағы жерасты суларын пайдалануға рұқсат

Сумен жабдықтау деген не?

Су тұтынушыларына сумен қамту жүйелері арқылы ауыз судың жинауын, сақтауын, дайындауын, беруін және таратуын қамтамасыз ететін іс-шаралар жиынтығы.

Ауыз сумен және шаруашылық тұрмыстық сумен жабдықтау деген не?

Ауыз суды жинауды, дайындауды,сақтауды, тасымалдауды және тұтынушыларға беруді қамтамасыз ететін технологиялық процесс.

Ол қай жерде талап етіледі?

Талап етілетін жері бойынша

Как получить услугу
Азаматтарға арналған үкімет
Жеке тұлғалар

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ-ға ұсыну үшін қажетті құжаттар:

1. Жеке куәлік сәйкестендіру үшін.

2. Өтініш.

Азаматтарға арналған үкімет
Заңды тұлғалар

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ-ға ұсыну үшін қажетті құжаттар:

1. Жеке куәлік сәйкестендіру үшін.

2. Өтініш.

Результат оказания услуги

Жерүсті су объектілері жоқ, бірақ ауызсу сапасындағы жерасты суларының жеткілікті қоры бар аумақтарда ауызсумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысты емес мақсаттар үшін ауызсу сапасындағы жерасты суларын пайдалануға рұқсат беру туралы оң қорытынды не осы мемлекеттік қызмет бойынша бас тарту туралы дәлелді жауап.

Часто задаваемые вопросы
Қандай жағдайларда Сіз бас тартуды ала аласыз?

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздері:

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;
2) 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 90-бабының 6-тармағында көрсетілген уәкілетті мемлекеттік органдардың теріс жауабы;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнайы құқығынан айрылуы.

Егер көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне/ әрекетсіздігіне шағым бергіңіз келсе.

Егер сіз осы қызметті көрсететін мемлекеттік органның лауазымды тұлғаларының шешімімен, әрекеттерімен немесе әрекетсіздігімен келіспесеңіз, сіз Министрліктің басшысының мекенжайына тиісті шағыммен жүгіне аласыз. Тіркелген сәттен бастап 5 күн ішінде сіздің шағымыңызды қарастырып сізге жауап беру керек.

Шағымды бірнеше тәсілмен беруге болады:

1. Жазбаша нысанда пошта арқылы.
2. "Электрондық үкімет" веб-портал арқылы.
3. Қызмет көрсетушінің кеңсесі арқылы қолма-қол.

Егер сіздің шағымыңызға алынған жауап сізді қанағаттандырмаса, сіз мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығыңыз бар.

Полное название
Жерүсті су объектілері жоқ, бірақ ауызсу сапасындағы жерасты суларының жеткілікті қоры бар аумақтарда ауызсумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысты емес мақсаттар үшін ауызсу сапасындағы жерасты суларын пайдалануға рұқсат беру
Получатели услуги
Жеке тұлғалар
Заңды тұлғалар
Стоимость услуги

Тегін

Срок оказания услуги

30 күнтізбелік күн

Услугу оказывает
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Место предоставления услуги
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ

Қызмет стандарты

Социальные медиа
Telegram
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы