
Cіз қызметті портал арқылы ала аласыз:
Пайдаланушы сертификатын беру.
Пайдаланушының атауы, заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысаны, заңды мекенжайы, өзгерген кезде сертификат және/немесе онымен байланысты пайдалану ерекшеліктерін беру. Пайдаланылатындары бар бір үлгідегі әуе кемелерін енгізу кезінде пайдалану ерекшеліктерін беру.
Бұрын пайдаланылмаған басқа типтегі әуе кемелерін енгізу кезінде пайдалану ерекшеліктерін беру. Ұшудың басқа түрлерін енгізу кезінде пайдалану ерекшеліктерін беру, оның ішінде арнайы бекітулер. Әуе кемелерін алып тастау кезінде пайдалану ерекшеліктерін беру.
Пайдаланушы сертификатының уәкілетті ұйымның мөрімен расталған көшірмесін беру.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады
Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:
Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.
Дереккөз: ҚР ӘРПК,
ҚР "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңы
Қызмет заңды тұлғаларға ақылы түрде көрсетіледі
Пайдаланушы сертификатын беру – 64 жұмыс күні;
Бұл мерзім өтініш берушіге 2 күнтізбелік күн ішінде хабарлай отырып, осы Қағидалардың 21-тармағына сәйкес белгіленетін 2-деңгейді анықталған сәйкессіздіктерін жою үшін қажетті мерзімге ұзартылады.
Түзету іс-қимылдарының жоспарында көрсетілген мерзімді уәкілетті ұйым өтініш беруші оны өзгерту қажеттілігі туралы негіздеме ұсынған жағдайда үш айдан аспайтын мерзімге бір реттен артық емес мерзімге ұзартады, бұл туралы өтініш берушіге 2 күнтізбелік күн ішінде хабарланады.
Сертификатқа және/немесе пайдалану ерекшеліктеріне өзгерістер енгізу:
1) пайдаланушының атауы, заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысаны, заңды мекенжайы, өзгерген кезде сертификатқа және/немесе онымен байланысты пайдалану ерекшеліктеріне – 10 жұмыс күні;
2) пайдаланылатын әуе кемелерінің бір үлгідегі пайдалану ерекшеліктеріне енгізу – 20 жұмыс күні;
3) бұрын пайдаланылмаған басқа үлгідегі әуе кемелерін пайдалану ерекшеліктеріне енгізу – 30 жұмыс күні;
4) ұшудың басқа түрлерін пайдалану ерекшеліктеріне, оның ішінде арнайы бекітулерге енгізу – 30 жұмыс күні;
5) әуе кемелерін пайдалану ерекшеліктерінен алып тастау – 3 жұмыс күні.
уәкілетті ұйымның мөрімен куәландырылған сертификаттың көшірмесін беру – 2 жұмыс күні.