
Cіз қызметті портал арқылы ала аласыз:
Cіз қызметті портал арқылы ала аласыз:
1) осы Қағидалардың 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша арнайы рұқсат;
2) құжаттарды одан әрі қараудан дәлелді бас тарту;
3) мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап;
4) бұдан бұрын берілген арнайы рұқсат бойынша көлік құралын ауыстыру;
5) арнайы рұқсаттың қолдану мерзімін ұзарту.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің түпнұсқалығын порталда тексеруге болады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі пайдаланушы кабинетіне көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамымен куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі немесе бас тарту туралы дәлелді жауап.
Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады
Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:
Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.
Дереккөз: ҚР ӘРПК,
ҚР "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңы
Тарифке сәйкес
Тасымалдау маршрутын келісу қажет болған жағдайда – 2 (екі) жұмыс күні тасымалдау маршрутын келісу қажет болмаған жағдайда – 1 (бір) жұмыс күні;
автокөлiк құралы табиғи немесе техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшiн жұмысқа тартылған жағдайда – 1 (бір) жұмыс күні;
Қазақстан Республикасының аумағы арқылы ауыр салмақты және (немесе) iрi көлемді көлiк құралдарының жүрiп өтуіне арнайы рұқсат (бұдан әрі – арнайы рұқсат) (бес жұмыс күні ішінде алымды төлегенін растайтын құжатты көрсетілетін қызметті берушіге келіп түскен сәттен бастап) не бас тарту туралы дәлелдi жауап – 1 (бір) жұмыс күні;
Бұрын берілген арнайы рұқсат бойынша көлік құралын ауыстыру – 1 (бір) жұмыс күні;
Арнайы рұқсаттың қолданылу мерзімін ұзарту – 1 (бір) жұмыс күні.