
Cіз қызметті портал арқылы ала аласыз:
1. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, содан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
2. "Электрондық лицензиялау" порталында авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз.
3. "Онлайн сұратым" батырмасын басқаннан кейін ашылған "электрондық лицензиялау" порталының бетінде Өтініш беру" сілтемесін басып өтіңіз.
4. Өтінішті толтырып ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
5. Берілген өтініштің мәртебесін "Менің өтініштерім" бөлімінде қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат беру құжаттарым" бөлімінен, хабарламаны алу туралы "Менің хабарламаларым" бөлімінен біле аласыз.
Cіз қызметті портал арқылы ала аласыз:
1. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, содан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
2. "Электрондық лицензиялау" порталында авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз.
3. "Онлайн сұратым" батырмасын басқаннан кейін ашылған "электрондық лицензиялау" порталының бетінде Өтініш беру" сілтемесін басып өтіңіз.
4. Өтінішті толтырып ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
5. Берілген өтініштің мәртебесін "Менің өтініштерім" бөлімінде қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат беру құжаттарым" бөлімінен, хабарламаны алу туралы "Менің хабарламаларым" бөлімінен біле аласыз.
Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды және (немесе) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі жөніндегі қызметке лицензия немесе тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды және (немесе) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі жөніндегі қызметке лицензия беру қайта ресімделген лицензия не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
1) Қазақстан Республикасының заңдарында жеке немесе заңды тұлғалардың осы санаты, қызметінің нысанасы қаржылық қызметтер көрсету болып табылатын шетелдік заңды тұлғаның филиалы үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынған;
2) лицензиялық алым енгізілмеген;
3) өтініш беруші біліктілік талаптарына сәйкес келмеген;
4) өтініш берушіге қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған;
5) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот өтініш беруші-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салған;
6) өтініш беруші лицензия алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықтау;
7) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – ДД Заң) 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы.
лицензияны қайта ресімдеу үшін:
1) лицензиялық алымның енгізілмеуі;
2) ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттар көшірмелерінің ұсынылмауы немесе тиісінше ресімделмеуі;
3) өтініш беруші лицензия алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықтау;
4) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, ДД Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы.
Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады
Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:
Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.
Дереккөз: ҚР ӘРПК,
ҚР "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңы
Тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызмет түрімен айналысу құқығы үшін - 10 АЕК
Лицензияны қайта ресiмдеу үшiн – лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10%-ын құрайды
Лицензияны алу немесе заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару және бөлу нысанында қайта ұйымдастыру кезінде лицензияны қайта ресімдеу – 5 жұмыс күні
Заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару және бөлу нысанында қайта ұйымдастыру жағдайларын қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу – 3 жұмыс күні
Құжаттар толық болмаған кезде көрсетілетін қызметті берушінің дәлелді бас тартуы – 2 жұмыс күні