
Cіз қызметті портал арқылы ала аласыз:
1. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, содан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
2. "Электрондық лицензиялау" порталында авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз.
3. "Онлайн сұратым" батырмасын басқаннан кейін ашылған "электрондық лицензиялау" порталының бетінде Өтініш беру" сілтемесін басып өтіңіз.
4. Өтінішті толтырып ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
5. Берілген өтініштің мәртебесін "Менің өтініштерім" бөлімінде қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат беру құжаттарым" бөлімінен, хабарламаны алу туралы "Менің хабарламаларым" бөлімінен біле аласыз.
Cіз қызметті портал арқылы ала аласыз:
1. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, содан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
2. "Электрондық лицензиялау" порталында авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз.
3. "Онлайн сұратым" батырмасын басқаннан кейін ашылған "электрондық лицензиялау" порталының бетінде Өтініш беру" сілтемесін басып өтіңіз.
4. Өтінішті толтырып ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
5. Берілген өтініштің мәртебесін "Менің өтініштерім" бөлімінде қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат беру құжаттарым" бөлімінен, хабарламаны алу туралы "Менің хабарламаларым" бөлімінен біле аласыз.
Көрсетілетін қызметті берушіге ұсыну үшін қажетті құжаттар:
Машиналарды тіркеу кезінде:
1, 2-нысандар бойынша өтініш.
Жеке тұлғалар үшін – жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен цифрлық құжат (сәйкестендіру үшін).
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 615-бабының 3-тармағында және 667-бабының 3-тармағының 8) тармақшасында белгіленген баждар мен алымдардың бюджетке төленгенін растайтын құжат.
Қазақстан Республикасы Экология кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 386-бабына сәйкес машиналарды бастапқы тіркеу кезінде өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерді орындауын растайтын құжат.
Машинаға меншік құқығын растайтын құжаттар, оларға мыналар жатады:
азаматтық заңнама талаптарына сәйкес жасалған шарттар, мәмілелер, куәліктер, мүлікті мұраға алу құқығы туралы құжаттар;
сот куәландырған сот шешімінің, қаулысының, сот орындаушысының мемлекеттік органның орындалуы тиіс іс-қимылдары туралы хабарламасының көшірмесі қоса берілген атқару парағы;
кедендік ресімдеуден өткенін растайтын құжаттар (Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі – ЕАЭО) елдерінен әкелу жағдайларын қоспағанда, кедендік декларация, кедендік кіріс ордері, уақытша әкелу жағдайларында кері әкету туралы міндеттеме);
6. Машиналарды бастапқы тіркеу жағдайында:
өндіруші зауыттың қозғалтқыштың номиналды қуатын растайтын құжатының көшірмесі немесе өздігінен жүретін машинаның және басқа да техника түрлерінің паспортының көшірмесі / өздігінен жүретін машинаның және басқа да техника түрлерінің электрондық паспорты;
сәйкестік сертификатының немесе сәйкестік туралы декларацияның көшірмесі («Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламентінің (КО ТР 010/2011) талаптарына сәйкестікті бағалау туралы құжатты ұсына отырып кедендік декларация берілетін өнім тізбесін бекіту туралы» Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 6 шешіміне (бұдан әрі – № 6 шешім) сәйкес);
7. Заңды тұлғаның көлік құралын өзінің құрылымдық бөлімшесіне немесе басқа заңды не жеке тұлғаға бөлу және беру туралы осы ұйымның (жеке кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) мөрімен куәландырылған бұйрығы (өкімі).
Көрсетілетін қызметті берушіге ұсыну үшін қажетті құжаттар:
Машиналарды тіркеу кезінде:
Машиналар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және (немесе) мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін (бұдан әрі – нөмірлік белгі) беру немесе машиналарды есептен алу туралы тіркеу құжатындағы белгі немесе машинаны уақытша тіркеу туралы анықтама немесе ақпараттық жүйедегі ауыл шаруашылығы техникасы туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету) туралы хабарлама немесе тракторлар және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердің, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiнің, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілінің (немесе өзге де ауыртпалықтардың) болуы (болмауы) туралы үзінді-көшірме не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айрылған болуы;
5) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.
Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады
Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:
Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.
Дереккөз: ҚР ӘРПК,
ҚР "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңы
Тракторларды, олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, олардың тіркемелерін (арнайы жабдықпен монтаждалған тіркемелерді қоса алғанда), өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін мемлекеттік тіркеу үшін техникалық паспорт бергені үшін – 0,5 АЕК
Тракторларға, олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерге, олардың тіркемелеріне (арнайы жабдықпен монтаждалған тіркемелерді қоса алғанда), өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдеріне мемлекеттік тіркеу нөмір белгісін бергені үшін – 1 АЕК
Механикалық көлік құралын (бастапқы мемлекеттік тіркеу жүргізілетін көлік құралынан басқа) немесе тіркемені мемлекеттік тіркегені үшін – 0,25 АЕК
Механикалық көлік құралын немесе тіркемені қайта тіркегені үшін – 0,25 АЕК
Механикалық көлік құралын немесе тіркемені мемлекеттік тіркелгенін куәландыратын құжаттың телнұсқасын бергені үшін – 0,25 АЕК
портал арқылы – 1 жұмыс күні
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы – 2 жұмыс күні