
Cіз қызметті портал арқылы ала аласыз:
Cіз қызметті портал арқылы ала аласыз:
1. Азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру, азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке өзгерістер енгізу не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап;
2. Әуе кемесін Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінен шығару туралы куәлік беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады
Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:
Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.
Дереккөз: ҚР ӘРПК,
ҚР "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңы
Азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу үшін – 7 АЕК
Азаматтық әуе кемелерін қайта тіркеу үшін – 7 АЕК
20 жұмыс күні
"Бір өтініш" қағидаты бойынша қызметті көрсету мерзімі 25 жұмыс күнін құрайды, оның ішінде:
Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерді беру мерзімі 20 жұмыс күнін құрайды
шуыл бойынша әуе кемесінің сертификатын беру және (немесе) радиомен хабарлау аппаратурасын пайдалануға рұқсат беру мерзімі 5 жұмыс күнін құрайды