Қазақстанда тұрғын үйді басқару саласындағы ашықтықты, жауапкершілікті және қызмет сапасын арттыру мақсатында бірқатар нақты қадамдар қабылдануда.
Осыған орай, тұрғын үй инспекцияларының қолданыстағы функцияларына қосымша ретінде, кондоминиум объектілерінің жылыту маусымына дайындығы бойынша тексерулер мен профилактикалық бақылауды жүзеге асыру құзыреті берілді.
Халық тарапынан келіп түсетін шағымдарды талдау кезінде, инженерлік жүйелер мен жабдықтардың қараусыз қалуы өзекті мәселелердің бірі ретінде анықталды. Кондоминиум объектілерін қабылдау кезінде меншік иелері насостар, крандар, кеңейту бактары сияқты техникалық жабдықтардың жұмыс істемейтін күйде берілетініне жиі тап болады. Сонымен бірге, қандай да бір ақаулықтар туралы актілер меншік иелеріне ұсынылмайды. Мұның бәрі пәтерлерге ресурстардың берілуіне және тұрғындардың жайлы өмір сүруіне тікелей әсер етеді.
Осыған байланысты, бақылаушы органдардың функцияларының кеңеюі мұндай жағдайлардың алдын алуға және олардың санын едәуір азайтуға мүмкіндік береді. Бұған қосымша, тұрғын үй инспекцияларына әрбір үй бойынша және кондоминиум объектісінің тіркелуі, басқару формасының заңды түрде бекітілуі, жер телімінің енгізілуі туралы мәліметтерді қамтитын реестрлер жүргізу міндеті жүктелді. Кондоминиум объектілері бойынша пайдалану талаптарына сәйкестік, жылу есептеу аспаптарының тексеруден өтуі, бақылау-өлшеу құралдарының, актілердің, лифтілер мен өртке қарсы жүйелердің техникалық тексерістен өтуі туралы ақпараттар осы реестрлерде көрсетілетін болады және меншік иелері үшін ашық болады.
Сонымен қатар, тұрғын үй инспекциясына уақытша басқарушыны мерзімсіз тағайындау құқығы беріліледі. Бұл үйлердің басқарусыз қалуын алдын алуға мүмкіндік береді.
Тұрғын үй заңнамасына енгізілген жаңа түзетулер тұрғын үй инспекциясын тиімді реттеуші орган ретінде нығайтып, басқару субъектілеріне қатысты бақылау тетіктерін күшейтеді.
1997 жылдан бастап тұрғын үйді басқарудың нысандары бірнеше рет өзгертілді. Бастапқыда келесі нұсқалар көзделген болатын: меншік иелерінің кооперативтері, тұрғындар тарапынан тікелей басқару және үшінші тарап басқарушы субъектілері.
1) егер меншік иелерінің саны төртеуден аспаса, олардың барлығы арқылы тікелей бірлесіп басқару;
2) үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің кооперативі;
3) кондоминиум нысанын үшінші (сыртқы) жеке (тұрғын үйді басқарушы) немесе заңды тұлғалар (тұрғын үй-коммуналдық қызмет көрсететін мекеме) арқылы басқару;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де нысандар.
Уақыт өте келе меншік иелерінің құқықтары нақты әрі кеңейтіле түсті. 2009 жылдан бастап:
Азаматтар тарапынан шағымдардың санының артуы мен кондоминиум нысандарындағы жағдайға ықпал ету тетіктерінің болмауына байланысты өзгерістер енгізіліп, 2025 жылдан бастап үй иелеріне өз меншігін басқаруға мүмкіндік беретін неғұрлым икемді жүйе енгізілді. Жауапсыз басқарушыны ауыстыру рәсімі жеңілдетілді, бұл өз кезегінде басқарушы субъектілер арасында бәсекелестікті арттырып, тұрғын үй-коммуналдық қызметтер сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.
Қандай басқару нысандары қолжетімді?
Тікелей бірлесіп басқару (ТББ):
Бұл талаптар салалық заңнаманы сақтау мен басқарушы субъектілердің жұмысын реттеуге мүмкіндік береді. Мысалы, бірыңғай есеп айырысу орталықтарымен (БЕАО) шарт жасау кезінде әрбір үй үшін ашылған шоттар туралы анықтамалар қажет болады.
Сондай-ақ, бұл тұрғын үй инспекцияларының функцияларын кеңейтуге мүмкіндік береді: кондоминиум объектісінің тіркелгенін, ПИК секілді субъектілердің тек Типтік жарғы негізінде жұмыс істейтінін, шоттардың ашылғанын тексеру.
Бұл талаптар мен өзгерістер ТКШ саласының барлық қатысушылары үшін оң жағынан әсер етеді.
Мүлік иелері бірлестігі (МИБ):
Қазақстанда кондоминиумдар ішіндегі тәртіпті орнатуға және жергілікті атқарушы органдардың бақылауын күшейтуге бағытталған Тұрғын үй қатынастары туралы Заңға маңызды өзгерістер енгізілді.
Бұл неге маңызды?
Енді жаңа өзгерістерге сәйкес барлық заңды тұлғалар (МИБ, ПИК, ЖШС, басқарушылар) үшін міндетті түрде:
Объектілер туралы толық ақпараттың қалыптастырылуы, оны уәкілетті органдар мен басқару және күтіп-ұстау үшін жауапты тұлғалардың өзектендіруі – халықты артық төлемдерден қорғайды, ортақ мүлікке бақылау орнатады және ғимаратты пайдалану кезеңінде жұмыстардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етеді.
2025 жылдың 1 маусымы мен 30 маусымы аралығында «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы» КММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау жыл сайын жүргізіледі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының бірі болып табылады, Қоғамдық кеңес мүшелерін тарта отырып, тікелей ұйымдардың өздері жүргізеді.
Талдау кезінде бейіндік заңнамада және ұйымдық-басқару қызметінде персоналды басқару, Мемлекеттік қызметтер көрсету, Қаржы-шаруашылық қызмет, Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру және т. б. мәселелер кіретін түрлі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталады.
2025 жылдың 1 маусымы мен 30 маусымы аралығында «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы» КММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау жыл сайын жүргізіледі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының бірі болып табылады, Қоғамдық кеңес мүшелерін тарта отырып, тікелей ұйымдардың өздері жүргізеді.
Талдау кезінде бейіндік заңнамада және ұйымдық-басқару қызметінде персоналды басқару, Мемлекеттік қызметтер көрсету, Қаржы-шаруашылық қызмет, Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру және т. б. мәселелер кіретін түрлі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталады.
2024 жылғы 22 қарашада Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Заңның тұрғын үйді жекешелендіру бөлігіндегі нормалары 2024 жылдың 4 желтоқсанынан бастап күшіне енді, енді азаматтар жекешелендіру үшін әкімдіктерге жүгіне алады.
Бұл ретте «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңының 13-бабының 8-тармағына сәйкес белгілі бір санаттар тегін жекешелендіруге құқылы:
1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
2) бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар;
3) Чернобыль АЭС зардаптарын жоюға қатысушылар;
4) Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккендер;
5) Арал өңiрiндегi экологиялық апат салдарынан зардап шеккендер;
6) бұрынғы КСРО-ны қорғау кезінде, оның ішінде Ауғанстанда қызмет өткеру кезінде мүгедектігі бар адамдар деп танылған әскери қызметшілер;
7) еңбек сіңірген жылдары бар әскери қызметшілер, МКҚ, ішкі істер органдарының қызметкерлері - 20 жыл, мүгедек баласы болған кезде - 10 жыл;
8) қызмет өткеру кезінде қаза тапқан әскери қызметшінің, МКҚ, ішкі істер органы қызметкерінің отбасы мүшелері;
9) саяси қуғын-сүргін құрбандары;
10) ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер.
Қалған азаматтар мұндай тұрғын үйлерді қалдық құны бойынша, яғни тұрғын үйдің баланстық құнынан тұрғын үйдің табиғи тозуын алып тастағандағы құны бойынша сатып ала алады.
Анықтама үшін: тұрғын үйдің баланстық құны - бұл әкімдіктің бухгалтерлік есебінде тіркелген осы тұрғын үйдің құрылысына немесе сатып алуға жұмсалған ақша сомасы.
Табиғи тозу жыл сайын тұрғын үйдің теңгерімдік құнының 2% -ын құрайды.
Бүгінгі таңда Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Жекешелендіру ережесіне (Үкіметтің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 673 қаулысы) бастапқы жарнаны 10% -ға дейін төмендету және қалдық құны 2025 жылғы 3 ақпанда күшіне енген 15 млн. теңгеден асатын пәтерлер үшін бөліп-бөліп төлеу мерзімін 15 жылға дейін ұлғайту бөлігінде өзгерістер енгізді.
Бұл ретте жекешелендіру - міндет емес, құқық екенін және ешкім де адамдарды тұрғын үйді сатып алуға мәжбүрлемейтінін атап өткен жөн.
Жекешелендіру тәртібімен жеке меншікке тұрғын үй алу үшін өтініш беруші ХҚКО-ға не
Е-ГОВ тұрғын үй комиссиясының қарауына мынадай құжаттар:
- жалға алушының барлық кәмелетке толған отбасы мүшелері қол қойған тұрғын үйді жекешелендіруге өтініш;
- жалдау шарты;
- меншікке өтеусіз алуға құқығы бар азаматтар санатына жататынын растайтын құжат.
Тұрғын үй комиссиялары күнтізбелік отыз күн ішінде тұрғын үйді жекешелендіру туралы шешім қабылдайды не жазбаша түрде дәлелді бас тарту шығарады.
Бұдан басқа, егер осы құқық осы Заң күшiне енгенге дейiн iске асырылған жағдайда, Заңмен мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi қайта жекешелендiру мүмкiндiгi берiлген.
Анықтама үшін:
«Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңының 13-бабының 9-тармағына сәйкес азаматтар Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік тұрғын үй қорынан бір ғана тұрғын үйді жекешелендіруге құқылы.
Алайда қолданыстағы заңнамада мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді қайтадан алуға тыйым салынбаған.
Бұл ретте азаматтардың тұрғын үй жағдайын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шаралары бір рет ұсынылатынын атап өтеміз.
Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданында бірыңғай сәулеттік көрініс беруге бағытталған көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын қайта жаңарту, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы»;
көрсетілген қаулының 1 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданында бірыңғай сәулеттік көрініс беруге бағытталған көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын қайта жаңарту, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидалары бекітілсін»;
Көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
1) осы қаулының Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
көрсетілген қаулымен бекітілген коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың қағидаларында:
2-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкі – дара (бөлек) меншіктегі пәтерлерден, тұрғын емес үй-жайлардан, орынтұрақ орындарынан, қоймалардан және ұялы байланыс операторларының меншігі болып табылатын телекоммуникациялық жабдықтан басқа, кондоминиум объектісінің бөліктері (қасбеттер, кіреберістер, вестибюльдер, холдар, дәліздер, баспалдақ марштары мен баспалдақ алаңдары, лифтілер, шатырлар, шатырастылар, техникалық қабаттар, жертөлелер, үйге ортақ инженерлік жүйелер мен жабдықтар, абоненттік пошта жәшіктері, көппәтерлі тұрғын үй тұрған жер учаскесі және (немесе) үй жанындағы жер учаскесі, абаттандыру элементтері және ортақ пайдаланылатын басқа да мүлік);».
2024жылғы21маусымда сағат 1500-де СолтүстікҚазақстаноблысыАқжарауданы Талшық ауылыЦелиннаякөшесі15(ауданәкімдігініңүлкензалы) мекенжайы бойынша "СҚОАқжарСу" ЖШСқызметіндегі сыбайлас жемқорлықтәуекелдерінішкіталдаунәтижелерінжарияталқылауөтеді
Анонс сыбайлас жемқорлықтәуекелдерінішкіталдаунәтижелерінталқылаубойыншажұртшылықтыхабардар ету үшінжүргізіледі
Сұрақтар бойынша мына телефондарарқылыхабарласуға болады+77018441108НұрланМәдениет
2024жылғы21маусымда сағат 1500-де СолтүстікҚазақстаноблысыАқжарауданы Талшық ауылыЦелиннаякөшесі15(ауданәкімдігініңүлкензалы) мекенжайы бойынша "СҚО Ақжарауданының тұрғын үйкоммуналдықшаруашылықжолаушыларкөлігіавтомобильжолдарыжәнетұрғын үй инспекциясыбөлімі"КММқызметіндегі сыбайлас жемқорлықтәуекелдерінішкіталдаунәтижелерінжарияталқылауөтеді
Анонс сыбайлас жемқорлықтәуекелдерінішкіталдаунәтижелерінталқылаубойыншажұртшылықтыхабардар ету үшінжүргізіледі
Сұрақтар бойынша мына телефондарғахабарласуға болады87154621768 АнуарбековаШынар Қанатқызы