"Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" КММ 2024 жылға мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша есебі

"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" ҚР Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі немесе олардың жиынтығы.

Ақжар ауданының тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес (01.01.2025 ж. өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 11 түрін көрсетеді:

  1. Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша автомобильдік жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау – портал арқылы, электронды;
  2. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерін бекіту - портал арқылы, электронды;
  3. Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруды келісу – «электронды үкіметтің» веб-порталы арқылы, электронды;
  4. Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару - «электронды үкіметтің» веб-порталы арқылы, электронды;
  5. Ағаштарды кесуге рұқсат беру - «электронды үкіметтің» веб-порталы, www.egov.kz, www.elicense.kz арқылы, электронды;
  6. Қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу - «электронды үкіметтің» веб-порталы арқылы, электронды;
  7. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы - «электронды үкіметтің» веб-порталы арқылы, электронды;
  8. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру – «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация арқылы, электронды/қағаз түрінде;
  9. Тұрғын үй сертификаттарын беру - Мемлекеттік корпорация, «электронды үкіметтің» веб-порталы арқылы, электронды/қағаз түрінде;
  10. Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғынжай беру және оны пайдалану - «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация, «электронды үкіметтің» веб-порталы арқылы, электронды/қағаз түрінде;
  11. Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру - «электронды үкіметтің» веб-порталы арқылы, электронды.

2024 жылы 23 (жиырма үш) мемлекеттік қызмет көрсетілді. Барлық мемлекеттік қызметтер электрондық форматта «электронды үкіметтің» веб-порталы арқылы көрсетілді. Мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартулар 7.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша халықты ақпараттандыру және қолжетімділік мақсатында мемлекеттік мекеме ғимаратында көрнекі ақпараты бар стенд орналастырылған (заң, көрсетілетін қызметтердің қағидалары, өтініштердің үлгілері, шағымдар журналы). Сондай-ақ, бұл ақпарат мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында орналастырылған.

Қызметтер ҚР "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V Заңына, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларына сәйкес көрсетіледі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша ішкі бақылау нәтижелеріне сәйкес 2024 жыл ішінде қызмет көрсету мерзімдерін бұзу тіркелген жоқ.

2024 жылы Бөлім мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысты 10 ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді, оның ішінде 3 тікелей эфирлер, 2 интернет-конференция, 2 мемлекеттік қызмет бойынша жәрмеңке, 1 бейне ролик, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация ғимаратында 2 азаматтарды қабылдау өткізілді. Ақпараттық іс-шаралармен 632 адам қамтылды.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша

көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат

 2024 жыл ішінде «СҚО Ақжар ауданының тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» КММ-не шағымдар түскен жоқ.

Дата публикации
06 марта 2025