Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі туралы ақпарат
Автомобиль жолдары
Аудан бойынша автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 713,5 км, оның ішінде:
Аудандық жолдар бойынша іске асырылып жатқан жобалар
«Талшық – Майское – Ұялы – Ақсары» (40,5 км)
Жобаның құны — 2,4 млрд теңге. Мердігер — «Құрылыс Сервис СК» ЖШС. Орындалған жұмыстар:
КТ-АК-1 «Бостандық – Кіші – Қараой» (48,2 км)
Жобаның құны — 3,3 млрд теңге. 12,8 км жолға жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жоба мердігер ұйымдарға қатысты сот процестеріне байланысты уақытша тоқтатылды.
КТ-АК-3 «Бостандық – Кенащи» (26 км)
«Норд Жолдары» ЖШС-мен 1,08 млрд теңгеге келісімшарт жасалды. Қазіргі уақытта дайындық жұмыстары жүргізілуде. Қосымша қаржыландыру қажет.
Елді мекенішілік жолдар
2025 жылы Ұялы, Күлікөл, Ақжарқын, Алқатерек, Восходское және Қазанское ауылдарында көшелерге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы ұзындығы 40 км-ден астам жол жөнделеді. Барлық нысандар бойынша мердігерлер анықталған. Жоғары тұрған бюджеттен қаржыландыру қажет.
Ауыз сумен қамтамасыз ету
Аудан халқының 100%-ы (24 елді мекен) сапалы ауыз сумен қамтылған.
Орталықтандырылған сумен жабдықтау 21 ауылды немесе халықтың 97,9%-ын (12 511 адам) қамтиды.
Орталықтандырылған сумен жабдықталмаған ауылдар:
Сумен жабдықтаудың негізгі бағыттары
2025 жылы Ақсай ауылында су тазарту модулі орнатылды.
Булаев топтық су құбырын қайта жаңғырту
Құны 7,2 млрд теңге болатын жоба іске асырылды. Су құбырларының жалпы ұзындығы — 123 км. Мердігер — «ГИДРОПРОМ» ЖШС.
Орындалған жұмыстар:
Булаев топтық су құбырына Бостандық, Горьковское, Баймырза, Ұялы, Восход және Майское ауылдары қосылды.
Талшық ауылындағы су жүйесін ағымдағы жөндеу
Жобаның құны — 246,8 млн теңге. 12 км су құбыры ауыстырылып, сорғы станциясы мен резервтік ұңғымалар жөнделуде. Жоба 5 мыңнан астам тұрғынды тұрақты ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Орталық қазандық
Талшық ауылында қуаттылығы 10,5 Гкал болатын орталық қазандық жұмыс істейді. Ол:
Ұзындығы 15,9 км жылу желілерінің құрылысы аяқталды. Жобаның құны — 1,79 млрд теңге.
2025 жылы жобаның екінші кезеңі басталды. Құны — 1,88 млрд теңге:
Жоба екі жылдық болып табылады. Қазіргі уақытта қазандық бойынша негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды.