«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ сұйытылған газды сауда-саттықта сату кезінде монополиялық-жоғары баға белгіледі

«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ сұйытылған газды сауда-саттықта сату кезінде монополиялық-жоғары баға белгіледі

Сот талқылауларының қорытындылары бойынша «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ға қатысты оның әрекеттерінде сұйытылған газды сауда-саттықта өткізу кезінде монополиялық-жоғары бағаны белгілеу фактілерін анықтау бойынша монополияға қарсы тергеп-тексеруді бастаудың заңдылығын растаған сот шешімі күшіне енді.

«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ тергеп-тексеруді тағайындаумен келіспей, Нұр-сұлтан қаласының сотына монополияға қарсы органның әрекетіне талап-арыздарымен  шағымдану туралы талап арыз берді.

Нұр-сұлтан қаласының сотымен монополияға қарсы органның әрекеттері заңды деп танылды, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ның бұйрықтың күшін жою туралы талап-арыздары қанағаттандырусыз қалдырылды.

«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ сот шешіміне апелляциялық шағым берді, Жоғарғы соттың апелляциялық сатысы бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгеріссіз қалдырды.

«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ әрекеттерінде сұйытылған мұнай газын сауда-саттықта өткізу кезінде бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзу фактілері анықталды.

Қазіргі уақытта тергеп-тексеру нәтижелері «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ атына жолданды, онда монополияға қарсы органдардың пікірінше, сұйытылған газды сауда-саттықта сату кезінде монополиялық жоғары бағаны белгілеу фактілері орын алуда.

Сұйытылған газға монополиялық жоғары баға белгілегені үшін айыппұл (түсім табысынан 5%) және монополиялық табысты тәркілеу көзделген.