Агенттіктің бәсекелестікті қорғау және дамыту жөніндегі Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. А.Ж. Бикебаевтың төрағалығымен отырысқа Агенттіктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары да қатысты.
Күн тәртібінің негізгі мәселелері бәсекелестік ортаның жай-күйіне әсерді бағалауға шолу, жеке т/ж тасымалдаушылардың және нарықтың өзге де қатысушыларының нарыққа қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелері, Google LLC компаниясының хабарламаны орындауы, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы мобильді құрылғыларда іздеу сервистері саласындағы бәсекелестікті күшейту бойынша ұсыныстар әзірлеу болды.
Талқылау қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңес мүшелері бірқатар ұсыныс әзірледі.