Кірпішті өткізу нарығындағы үстем жағдайды теріс пайдалану белгілері

Кірпішті өткізу  нарығындағы үстем жағдайды теріс пайдалану белгілері

Құрылыс кірпішін өндіру және өткізу нарығын талдау «ISKER COMPANY» ЖШС және «Талғар кірпіш зауыты» ЖШС кірпіш өткізушілерінің әрекетінде нарық субъектісінің немесе тұтынушылардың белгісіз тобының заңды құқықтарына нұқсан келтіруден көрінетін үстем жағдайды теріс пайдалану белгілері, атап айтқанда, негізді себептерсіз керамикалық кірпіш құнының өсуі қаралатынын көрсетті.

Бұл әрекеттер ҚР монополияға қарсы заңнамасының нормаларын бұзады.

Осыған байланысты, Комитеттің Алматы облысы бойынша департаментімен тауар құнын төмендету арқылы құрылыс кірпішін өндіру және өткізу нарығындағы бұзушылықтарды жою туралы хабарлама шығарылды.

Хабарламаны орындау мерзімі оны ұйым алған күннен бастап күнтізбелік отыз күнді құрайды.