БҚДА ТӨРАҒАСЫ МАРАТ ОМАРОВ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ

БҚДА ТӨРАҒАСЫ МАРАТ ОМАРОВ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ

               Сапар барысында ведомство басшысы қаланың бірқатар стратегиялық маңызды нысандарын аралады. Бірінші пункт Шымкент халықаралық әуежайы болды, онда әуе айлағының басшылығы жаңа терминалдың аяқталатын жөндеу жұмыстарының барысы туралы ақпарат берді.
Авиация саласының дамуын талқылай отырып, БҚДА Төрағасы Агенттіктің әуежайларда баға саясатын қалыптастыру жөніндегі пайымы бар екенін атап өтті. Ол әуежай қызметтерін реттеудің уақыты келгенін атап өтті, бірақ бүгінгі күні көптеген делдалдар, соның ішінде баға белгілеуге әсер ететін мемлекеттік құрылымдар жұмыс істейтін авиакеросин нарығын ретке келтіру маңызды.
            Сапар аясында ол Шымкент халықаралық әуежайының жанармай құю кешенінде болды. Әуежай басшылығы оны жанармай сақтайтын резервуарларды, сорғы станцияларын және халықаралық қауіпсіздік пен сапа стандарттарына сәйкес келетін ұшақтарға жанармай құюға арналған арнайы жабдықты қамтитын кешеннің жұмысымен таныстырды.
             Айта кетейік, 2024 жылы Шымкент қаласы бойынша БҚДА аумақтық департаменті авиаотынды сақтау нарығына талдау жүргізді, оның қорытындысы бойынша әуежай негізгі қуаттың иегері болып танылды. Президенттің экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы Жарлығына сәйкес Агенттік нарық субъектілерін әуежайлардың инфрақұрылымына кемсітусіз жіберуді қамтамасыз етуге бағытталған тең қолжетімділік қағидаларына өзгерістер енгізді. Негізгі қуат иелері өз қызметін белгіленген талаптарға сәйкес келтіруге міндетті.
             Сонымен қатар, Агенттік Төрағасы еліміздегі үш ірі мұнай өңдеу зауытының бірі - "ПетроҚазақстан Ойл Продактс" ЖШС жұмысымен танысты. Экскурсия барысында ол кәсіпорындағы жеке басқару зауыт жұмысының тиімділігіне, атап айтқанда, жиі жөндеу жұмыстарының болмауына оң әсер ететінін атап өтті.
              "Сіздердің қызметтеріңіздің аясында біз шынымен сапалы өнімді көреміз: жөндеуге ең аз шығын, ең бастысы — перспективалы инвестициялық жоба. Біз бұл жұмысты үлгілі деп санаймыз және басқа екі зауытта да осындай тәсілді қолдануды жоспарлап отырмыз. Жекешелендіру кеңсесі аясында біз сіздің мысалыңызға сүйене отырып, жеке инвесторларға екі МӨЗ-дегі үлесті ұсынбақпыз. Сондықтан біз бұл жұмысты жалғастырамыз", - деді Марат Омаров.
             Айта кетейік, 2024 жылы агенттік мұнай өңдеу нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізді. Оның қорытындысы бойынша "ҚазМұнайГаз" тұлғалар тобына кіретін "ПетроҚазақстан Ойл Продактс" ЖШС нарықта үстем жағдайға ие субъект болып танылды.
           Сапар соңында монополияға қарсы органның Төрағасы арнайы экономикалық аймаққа барып, бірнеше субъектілердің қызметімен танысты. Ол олардың экономиканы дамытуға қосқан үлесінің маңыздылығын атап өтіп, барлық қатысушыларға жобаларды іске асыруда табыс тіледі.