
Сот талқылауларының қорытындысы бойынша бәсекелестікті шектеу фактілері бойынша Денсаулық сақтау министрлігіне қатысты монополияға қарсы заңнаманың бұзылуын жою туралы нұсқаманың заңдылығын растаған сот шешімі күшіне енді.
Монополияға қарсы органмен тергеп-тексеруді жеке медициналық ұйымдардың Денсаулық сақтау министрлігінің АИТВ инфекциясына антиденелердің болуын зертханалық диагностикалауды жүзеге асыруға кедергі келтіретін бұйрықтарының заңсыздығына қатысты өтініштері негізінде жүргізілді.
Денсаулық сақтау министрлігі өзінің ведомстволық ұйымдарына, осы нарықта жеке кәсіпкерлік субъектілерінің болуына қарамастан, АИТВ-диагностикасын жүргізуге айрықша құқық берді.
Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2020 жылғы 14 шілдедегі шешіміне сәйкес, Денсаулық сақтау министрлігі АИТВ-диагностикасы мәселелері бойынша тиісті ережелерге өзгерістер енгізу арқылы бәсекелестікті шектеу фактілерін жоюға тиіс.