
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі әділ бәсекелестік шарттары бұзылған жағдайда тұтынушылардың заңды мүдделерін қорғау бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізеді. Мәселен, 2024 жыл бойы қоғамда әлеуметтік резонанс тудырған проблемалар бойынша белсенді шаралар қабылданды.
«Біз жылу беру маусымы көптеген отбасылар үшін маңызды уақыт екенін түсінеміз. Осыған байланысты коммуналдық-тұрмыстық көмір бойынша шаралар қабылданды. Оның қымбаттауы мен тапшылығына жол бермеу мақсатында ҚМА және МКК - мен бірлесіп арнайы жол картасы бекітілді», - деді алқа барысында БҚДА Төрағасы Марат Омаров.
Жол картасы аясында коммуналдық-тұрмыстық көмірдің ірі өндірушілері мен олардың сатып алушыларына алыпсатарлық схемаларды, өнімсіз делдалдарды, баға келісімі фактілерін және басқа да бірқатар шараларды белгілеу тұрғысынан талдау жүргізілді. Агенттік «Modern Trading Solutions» тауар биржасына қатысты нарыққа кіруге тосқауыл жасау бөлігінде үстем жағдайды теріс пайдалану негізінде тергеп-тексеруді бастады. Тексеру негізінде сот шешімімен аталған АҚ лицензиялау нормаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.