
«Транстелеком» АҚ-ның сатып алудағы мониторингі «Qoldau kz» ауыл шаруашылығы тауарларын субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қол жеткізуді ұсыну қызметтерін әкімдіктерімен сатып алуы кезінде жалған бәсекелестік белгілерінің болуын көрсетті.
2019-2020 жылдар кезеңінде «Транстелеком» АҚ-ның 30 сатып алудағы жеңісін бәсекелестік күрес көрсетусіз «Yuwert IT» ЖШС, «TMN Group» ЖШС (ШОБ) және «SBK Alpinist» ЖШС (ШОБ) қамтамасыз етті.
ШОБ субъектілеріне қатысты тексерулер жүргізуге мораторий енгізілгендіктен, бәсекелестікті қорғау саласындағы ҚР заңнамасының бұзылуын тергеп-тексеру рәсіміне бастамашылық ету мүмкін емес.
Сонымен қатар, монополияға қарсы орган аталған компаниялардың атына бәсекелестікті қорғау саласындағы ҚР заңнамасының нормаларына және оны бұзғаны үшін көзделген жауапкершілікке тиісті түсініктеме жіберді.