
Агенттіктің шешімімен «Ақцепт» АҚ-ның тауар биржалары қызметіне лицензиясы KZ46LDU00004202 № 2023 жылғы 18 мамырдағы уақытша тоқтатылды.
Шешім акционерлік қоғамның ерікті өтінішіне негізделген.
Айта кетейік, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 45-бабы 2-тармағына сәйкес, егер Қазақстан Республикасының заңдарында басқаша көзделмеген болса, лицензиялары мен рұқсаттары тоқтатылған тұлғалардың немесе екінші санаттағы рұқсаттардың иелері тарапынан осы рұқсаттарға немесе қосымшаларға берілген қызметтердің жүзеге асырылуына рұқсат етілмейді.