Қазақстан Республикасының Конституция Күні!

Қазақстан Республикасының Конституция Күні!

Қазақстан Республикасының Конституция күні қарсаңында Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің төрағасы Рустам Ахметов монополияға қарсы органның қызметкерлеріне  онлайн конференция арқылы құттықтаумен жүгінді.

Онлайн іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаумен ашылды.

«Конституция-мемлекеттің егемендігі мен тәуелсіздігін бекітетін маңызды құжат, елдегі тұрақтылық пен келісімнің кепілі. Бұл біздің мемлекетіміздің демократиялық дамуының іргетасы!»деп атап өтті төраға іс-шараны аша отырып.

Конституцияның маңыздылығын атап өтіп, қызметкерлерді Негізгі Заңның нормаларын барынша іске асыруға шақырды.

Сондай - ақ, ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес «Қазақстан Республикасына 25 жыл» мерекелік медалімен монополияға қарсы органның қызметкерлері - Ысқақов Арсен, Ортақбаева Әсел, Қайырбаева Ақжан, Кенжебеков Руслан, Иргалеев Сағындық, Ермағамбетов Жандос, Устьянцева Людмила, Хамзин Марлен, Карпова Светлана, Нысанбекова Әсел марапатталды.

Іс-шара соңында әріптестерін келе жатқан мерекемен құттықтап, ашық аспан, келісім мен тұрақтылық, еліміздің гүлденуі үшін жаңа жеңістерге ұмтылыс тіледі!