Қостанай облысының 4 цемент өткізушінің әрекетінде келісілген әрекеттер белгілері қаралды

Қостанай облысының 4 цемент  өткізушінің әрекетінде келісілген әрекеттер белгілері қаралды

     Қостанай облысының аумағында құрылыс материалдарын өндіру және өткізу нарығындағы жағдай нарықтың Қазақстанның басқа өңірлерінен цемент немесе импорттық өндірісті цементін өткізушілерден тәуелділігін көрсетті. Қостанай облысының цемент өндіру нарығында бір субъект - «Рудный цемент зауыты» ЖШС бар.

    2020 жылдың басынан бастап Қостанай облысында цемент құнының жоғарылауы байқалады (101,5%). Цемент бағасының өсуінің негізгі себептері, әсіресе жазғы кезеңде, өндірушілердің өткізу бағасының жоғарылауы және көтерме жеткізушілер бағасының негізсіз өсуі болып табылады.

   Монополияға қарсы органмен  өткізушілердің әрекеттерін қарау кезінде келісілген әрекеттер белгілері, атап айтқанда цемент бағасының өсуі қаралды.

   Осыған байланысты, Қостанай облысының төрт көтерме цемент өткізушісіне қатысты, атап айтқанда «Айгүл-94» ЖШС, «Құрылыс материалдарының сауда үйі» ЖШС, «КМ сауда үйі» ЖШС және «Дедик А.А.» ЖК қатысты хабарламалар берілді.

    «Айгүл-94» ЖШС, «Торговый дом стройматериалов» ЖШС, «Торговый дом КМ» ЖШС өткізушілерімен хабарламалар орындалды, цемент бағасы негізделген деңгейге дейін төмендетілді.

   «Дедик А.А.» ЖК хабарламасы орындалуда, хабарламаны орындау мерзімі келген жоқ.