Жамбыл облысының цемент өткізушілерінің әрекетінде бағаның өсу белгілері қаралды

Жамбыл облысының цемент өткізушілерінің әрекетінде бағаның өсу белгілері қаралды

     Жамбыл облысы бойынша монополияға қарсы органмен құрылыс материалдары нарығында жүргізген талдау қорытындысы бойынша Жамбыл облысы аумағында цемент сатумен айналысатын "БЕТОН ПЛЮС" ЖШС мен "Аулие-Ата Цемент" ЖШС-ға қатысты хабарламалар енгізілді.

    "БЕТОН ПЛЮС" және "Аулие-Ата Цемент" ЖШС цемент өткізу құнын 1 тонна үшін орта есеппен 20 000 теңгеден 24 000 теңгеге дейін, яғни 20% - ға жоғарылатты. Осыған байланысты, тауарларды өткізу кезінде бағаларды белгілеу және (немесе) ұстап тұру белгілері байқалады.

    Хабарлама алған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде орындалуға жатады.