
Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің тапсырмасы бойынша Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті «Казцинк» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (ЖШС) 2022-2023 жылдары күкірт қышқылын сату бойынша заңды тұлғалармен жасасқан тауарларды сатып алу келісімшарттары мен шарттарының көшірмелерін қарастырды.
Тексеру нәтижесінде анықталғандай, ЖШС-тің күкірт қышқылын сатып алу туралы бірдей кезеңде жасалған келісімшарттарында заңды тұлғалармен тең дәрежелі келісімдерге объективті негізделмеген әртүрлі баға мен әртүрлі талаптар қолданылған. Бұл Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 174-бабының 2) тармақшасында көрсетілген бұзушылыққа жатады.
Тексеру нәтижелері бойынша Департамент ЖШС-ке Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының 174-бабының 2) тармақшасында көзделген бұзушылықтарды жою туралы, яғни тұтынушылармен (тапсырыс берушілермен) тең дәрежелі келісімдерге әртүрлі талаптарды қолдануды тоқтату арқылы жоюды талап еткен хабарлама жіберді.
Қазіргі уақытта бұл хабарлама толық көлемде орындалды.
Айта кетейік, Қазақстан Республикасының күкірт қышқылын сату нарығындағы бәсекелестіктің жағдайына жүргізілген жоспарлы талдау нәтижелері бойынша, «Казцинк» ЖШС 2022-2023 жылдары осы нарықта үстемдік етуші субъект деп танылды.