Алматы облысында ЖҚС-да сұйытылған мұнай газды өткізу бағасының өсуі тіркелді

Алматы облысында ЖҚС-да сұйытылған мұнай газды өткізу бағасының өсуі тіркелді

Алматы облысының «Алма» ЖК автогаз құю станциясындағы сұйытылған мұнай газының босату бағасы 75 тг/л құрады. Бұл туралы Алматы облысы бойынша монополияға қарсы органға ресми өтініш білдірген азаматша хабарлады.

Автогаз бағасы 75 тг/л құрады, ал сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің белгіленген шекті бағасы 70 тг/л құрайды.

Осыған байланысты, кәсіпкердің атына Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы нұсқама жіберілді.

Қазіргі уақытта нұсқама орындалып, бағасы 70 тг/л дейін төмендетілді.